Ембіліктер Жайық жағалауын тазартты

22 қыркүйек, 2020

Өткен сенбіде «Ембімұнайгаз» АҚ қызметкерлері «World cleanup day» дүниежүзілік акциясына қатысты. Аталған акция аясында әлемнің 169 елінің тұрғындары 19-қыркүйек күні аумақтарды, су қоймаларын тазартып, талдар екті. Аталған тазалық сенбілігіне Орталық басқару аппаратының, «Ембімұнайэнерго» басқармасының және Өндірістік-техникалық қамту және жабдықтармен комплектациялау басқармасының 100-ден астам қызметкері қатысты. 

Сенбілік аясында ембіліктер екі топқа бөлінді. Алмалы ауылы бойындағы жағалауда ембіліктер 5 Камаз тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын жинады. Ал, Жас мамандар кеңесінің төрағасы Бекет Губайдуллин бастаған жас мамандар Геолог поселкесі аумағындағы жағалауда 50 қораптан астам қоқыс жинады.  

- Тазалық сенбілігі аясында біз әріптестерімізбен өзен жағалауынан бірнеше қорап полиэтиллен, пластик өнімдерімен мен құрылыс материалдарының қалдықтарын жинадық. Сонымен қатар, табиғат аясында демалыстан соң кей адамдар орынды жинастырмай, тағам қалдықтарын да өзен бойына тастап кететінін көріп отырмыз. Бұл – өзімізге ой салар жағдай. Басты мақсатымыз - қоршаған ортаны қорғауға, әсіресе, жастарды тәрбиелеу Бүгінгі экологиялық акцияға жастар, студенттер көп жиналғанын көріп қуанып отырмыз. Өйткені, кейінгі толқын осындай шараларды көріп өседі. Біз үлгі бола білуіміз керек, - дейді мұнай және газ өткізу департаменті аға инженері Сұлтан НУКЕРОВ пен сатып алу және жергілікті қамту департаментінің инженері Равиль ЕРҒАЛИЕВ.

- Сенбілікке шығуды бала кезімнен жақсы көремін. Мұндай шараларды - ұйымдасудың бір тетігі деп есептеймін. Өткен аптада «Ембімұнайгаз» АҚ Орталық аппаратының ұжымы болып Жайықтың жағалауын тазаладық. Жайық - бүгінде барша атыраулықтарды алаңдататын мәселенің бірі деп есептеймін. Жұрттың алаңдаушылығын тудырып отырған өзекті мәселеге аздап та болса өз үлесімді қосқаныма ризамын. Уақыттың қалай өткенін де байқамай қалдық. Тіпті, шаршауды да сезбедік. Таза ауада пайдалы іспен шұғылдандық, - дейді келешекте дамыту департаменті есептік жүйелер бөлімінің аналитигі Гүлзада ГАБДУЛЛИНА.

 «Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан  бастап 2020 жылдың бірінші жартыжылдығы аралығында республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 177 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 4 млрд 600 млн теңгеден астам қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.