Атырау облысының әкімі ембілік мұнайшыларды кәсіби мерекемен құттықтады

10 қыркүйек, 2020

Пандемия басталғаннан бастап бүгінгі күнге дейін ембіліктер Атырау облысының әкімдігімен бірлесе отырып, облыс халқына жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов «Ембімұнайгаз» АҚ-ның (ЕМГ немесе Компания) ұжымына бірлескен жұмыстары  үшін алғысын білдірді.   

Облыс басшысының Алғыс хатын  ЕМГ Басқарма төрағасы Есен Қайыржанға Атырау облысы әкімінің орынбасары Ержан Абылханов табыс етті.  Алғыс хатта отандық мұнай өндіруші компанияның мұнайлы өңірде әлеуметтік инфақұрылымдардың дамуындағы,  әлеуметтік нысандар құрылысының жүргізілуіндегі үлкен үлесін  атап өткен. Компанияның пандемиямен күресте жан-жақты қолдау көрсеткені де жоғары бағаланған.   

ЕМГ пандемиямен күресте әлеуметтік көмек ретінде  500 миллион теңгеден астам қаражат аударды. Бұл қаражат дәрі-дәрмек алу үшін «Birgemiz-Atyrau» Қоғамдық қорына,  Атырау облыстық ауруханасына өкпені жасанды желдетуге арналған оттегі концентраторларын алуға, оперблоктарды,  реанимацияларды,   провизорлық бөлімшелерді медициналық газбен қамтамасыз ету  үшін  жұмсалды. Жылыой аудандық аурухананы, Атырау қаласы Береке мөлтек ауданындағы карантиндік стационарларды тұрмыстық технникамын, гигиеналық қажеттіліктермен қамтамасыз етті. Сонымен қатар, Исатай,Мақат,Жылыой және Қызылқоға аудандық ауруханаларда блок-бекеттерді, дезинфекциялық жұмыстарды ұйымдастыруға, әлеуметтік жағынан аз қамтылан тұрғындарға қайырымдылық қолдау көрсетті.

Ембіліктер волонтерлік бастамамен карантиндік оқшаулауға алынған медицина мамандары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қолдау үшін 1 миллионнан астам теңге қаражат жинады. Оған қосымша, «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» МГӨ басқармаларындағы «Nur Otan» бастауыш партия ұйымдарының бастамасымен мұнайшылар Исатай, Қызылқоға аудандарындағы әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға қамқорлық шараларын жасады.

 БАҚ үшін анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан  бастап 2020 жылдың бірінші жартыжылдығы аралығында республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 177 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 4 млрд 600 млн теңгеден астам қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.