Мұнайшының еңбегі марапатқа лайық

08 қыркүйек, 2020

ҚР мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай «Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан былай ЕМГ немесе Компания) табысты еңбектерімен, кәсіби шеберліктерімен ерекшеленген мұнайшыларды марапаттады.

-Әлемдік пандемия – коронавирус инфекциясы барша еңбек ұжымының қалыпты қызметіне зардабын тигізді. Қазақстандық мұнайшылардың кәсіби мерекесі биыл қауіпсіздік талаптарын сақтауға байланысты - дәстүрлі жиындар мен салтанатты шарасыз аталып өтуде. Алайда,   қызметтерінде кәсіби шеберлік таныта білген жұмысшылардың  табысты еңбектеріне алғыс білдіруді ұйғардық. Барша ембілік мұнайшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Елдегі қиын ахуалға қарамастан, ембіліктердің, әсіресе, өндіріс мамандарының  қажырлы еңбектерінің арқасында   өндіріс бір минут та тоқтаған жоқ, өндірістік жоспарлар толық орындалуда. Пандемияның таралуын болдырмау және қауіпсіздікті қатаң сақтау талаптарына  түсіністікпен қарап, аса күрделі жағдайда еңбек етіп жүрген баршаңызға алғысымды білдіремін. Сіздерге, отбасыларыңызға мықты денсаулық,   шаңырақтарыңызға береке тілеймін. Компаниямыздың дамуы жолындағы еңбектеріңіз табысты болсын,- деп ембілік мұнайшыларды құттықтап өтті ЕМГ Басқарма төрағасы Есен ҚАЙЫРЖАН.

ҚР Президентінің 2020 жылғы 20 тамыз күнгі  Жарлығымен ұзақ жылғы абыройлы еңбегі, жоғары өндірістік көрсеткіштері үшін Бағыт ТӨЛЕУОВ, «Қайнармұнайгаз» МГӨ басқармасы Кенбай МГӨЦ қабат қысымын сақтау бөлімшесінің жұмысшы агентті қабатқа сіңіретін сорап станциясының машинисі, Нұрсұлтан ҚОЙШЫҒАРИЕВ, «Доссормұнайгаз» МГӨ басқармасы №3 Шығыс Мақат МГӨЦ 4 дәрежелі жерастына су айдау сорап станциясының машинисі,  Жұмахмет ӨМІРЗАҚОВ, «Жылыоймұнайгаз» МГӨ басқармасы Прорвадағы ұңғыларды жерасты жөндеу  цехы бастығының орынбасары «Қазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

«Қайнармұнайгаз» МГӨ басқармасының бастығы Мәлік ЖҮНІСОВ  ҚР Энергетика министрлігінің «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.

Сағындық ШАУЕТОВ, «Доссормұнайгаз» МГӨБ Мақат мұнай дайындау және айдау цехының механигі, Бексұлтан МҰХАМБЕТҚАЛИ, «Жайықмұнайгаз» МГӨБ №5 МГӨЦ 5 дәрежелі мұнай-газ өндіру операторы, Марат ДӘУЛЕТБАЕВ, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ Б.Жоламанов мұнай-газ өндіру бөлімшесінің электрогазбен дәнекерлеушісі  ҚР Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Қайрат ҚҰЛБАЛИЕВ, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ  еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік бөлімінің бастығы, Серікбай ТАБЫНТАЕВ, «Доссормұнайгаз» МГӨБ ұңғыларды жерасты және күрделі жөндеу цехының шебері, Қанат БЕКТІЛЕУОВ, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ Кенбай МГӨЦ мұнай-газ өндіру операторы, Ерболат ҚУАНШАЛИЕВ, «Жайықмұнайгаз» МГӨБ  мұнай-газ дайындау және айдау цехының шеберіҚР Энергетика министрілігінің  «Алғыс хатымен» марапатталды.

Бауыржан ӨТЕГЕНОВ, «Жылыоймұнайгаз»  МГӨБ №1 Қосшағыл МГӨЦ Ақінген кен орны бригадасының мұнай-газ өндіру операторы «Самұрық-Қазына» АҚ Құрмет грамотасымен марапатталды.

Таңатар ҚАРҒАБАЕВ, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ Прорвадағы МГӨЦ №4 Ақтөбе-Досмұхамбетов кен орны бригадасының мұнай-газ өндіру операторы, Серік ДЖАМБУРИЕВ, «Ембімұнайэнерго» басқармасы өндірістік-техникалық топ жетекшісінің орынбасары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Құрмет грамотасымен марапатталды.

Сергей ҚАЛЫМБЕТОВ, «Доссормұнайгаз» МГӨБ №2 Қарсақ МГӨЦ 4 дәрежелі жер астына су айдау сорап стансасының машинисі, Бағдат НИЯЗҒАЛИЕВ, «Жайықмұнайгаз» МГӨБ бастығының геология және кен орындарын игеру жөніндегі орынбасары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ естелік белгісімен марапатталды.

Компанияның Орталық басқару аппараты мен өндірістік құрылымдық бөлімшелердің 60-тан астам қызметкерлері «Ембімұнайгаз» АҚ Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен марапатталды.

БАҚ үшін анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан  бастап 2020 жылдың бірінші жартыжылдығы аралығында республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 177 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 4 млрд 600 млн теңгеден астам қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.