«Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) өндірістік-құрылымдық бөлімшелер (ӨҚБ) өкілдері, мұнай-газ өндіру басқармалары (МГӨБ) бастықтары, кәсіподақ комитеттері төрағаларының қатысуымен өткен «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры Сәбит Арыновтың есепті жиынында 2023 жылдың 8 айындағы Компания жұмысының нәтижелері мен алдағы міндеттемелері аталды.
ЕМГ үшін негізгі стратегиялық бағыт болып саналатын еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында жыл басынан бері позитивті, оң динамика қалыптасқан. Бас директор өз сөзін де осыдан бастады.
Мұнай және газ өндірушілердің халықаралық қауымдастығы (IOGP) және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ параметрлері бойынша қауіпсіздіктің негізгі көрсеткіштері бұл мәселеге ембіліктердің белсенді қатысуы мен көшбасшылығын көрсетеді.
- 100 миллион адам-сағатқа шаққандағы өлім көрсеткіші нөлге тең. Тіркелген жол-көлік оқиғаларының көрсеткіші де осындай», - деген Компания басшысы ЕМГ ұжымы бұл үрдісті болашақта да сақтайтынына сенім білдірді. Ол сондай-ақ, өндірістік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бойынша барлық талаптарды сөзсіз орындау тұрғысынан Компанияның кен орындарындағы мердігерлердің қызметін күшейтуге назар аударды.
Биылғы 8 айда «Ембімұнайгаздың» өндірістік секторында да оң ахуал қалыптасты. Мұнай өндіру жоспары 100,4 %, мұнай тапсыру жоспары 100,9 %-ға орындалды. Ұйымдастыру-техникалық шараларды жүзеге асыру аясында қарастырылып отырған кезеңде өнім игерудегі 25 ұңғымалар бұрғыланып, іске қосылды, нәтижесінде қосымша 29 мың тоннадан астам мұнай өндірілді.
Қоғамның 2023 жылға арналған күрделі құрылыс жоспарында: 28 нысанның құрылысы қарастырылған, оның 23-і өндірістік және 5-і әлеуметтік; 63 нысанды жөндеу, 43 ұңғыманы жайғастыру, кен орындары бойынша 60 шақырымға жуық сұйықтық жинау және тасымалдау жүйелерін ауыстыру және қайта құру.
Есепті кезеңде ембілік геологтар «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-нан «Тайсойған-1» және «Тайсойған-2» учаскелерінде жер қойнауын пайдалануға келісімшарттар алу бойынша ауқымды жұмыстар атқарды. Аталған аумақтардағы геологиялық барлау жобалары әзірленіп, бекіту және қоғамдық тыңдау өткізу үшін бақылаушы органдарға жіберілді.
2023 жылдың 8 айында ЕМГ 94 229 миллион теңге салықтар мен бюджетке төлемдер төледі, ішкі нарықта сатып алулардың айтарлықтай көлемін жүзеге асырды, бұл Қазақстан экономикасы мен бизнесінің тұрақтылығына елеулі қолдау көрсету шарасы болып табылады.
Сәбит Арынов компанияның даму тұжырымдамасы туралы айта отырып, 5 стратегиялық бағытты атап өтті: қолданыстағы және жаңа келісімшарттар бойынша геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу; қолданыстағы кен орындарын қосымша барлау; жаңа активтерді сатып алу; қолданыстағы кен орындарының тиімділігін арттыру; газ бизнесін дамыту және энергия тиімділігін арттыру.
– Ұзақ мерзімді ресурстық базаны қалыптастыру және қорларды ұлғайту үшін 2027 жылға дейін жыл сайынғы мұнай өндіруді 2,8 миллион тонна деңгейінде қамтамасыз ету осы жоспарларды іске асырудың нәтижесі болуы тиіс. Мұның бәрі «Ембімұнайгаз» компаниясына перспективасы аз актив ретіндегі көзқарасты түбегейлі өзгертуі керек», - деді Сәбит Арынов.
Сонымен қатар, Бас директор «Ембімұнайгаз» қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету, олардың денсаулығын сақтау, тиісті еңбек жағдайын жасау және кәсіби деңгейін арттыру, персоналды дамыту және ынталандыру, Ембі жұмысшыларының біліктілігін арттыру және еңбекақысын төлеу басымдық болып қала беретінін атап өтті.
БАҚ-пен байланыс үшін:
Индира САТЫЛҒАНОВА: І.Satylganova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-34-66
Гүлжан ӘмІрова: G.Amirova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-32-09
Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен-Атырау-Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы «Qazaq Gaz» ҰК» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2022 жыл аралығында Ұлттық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 472 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға - 5 млрд 640 млн теңгеге жуық қаражат аударды.