«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Атырау облысындағы жұмыс сапары барысында «Ембімұнайгаз» АҚ Бас кеңсесінде болып, Өндірістік процесті бақылау орталығының жұмысымен танысты.
Бұл орталық онлайн форматта өндірістік нысандардың технологиялық процестерін жедел бақылау мен мониторинг жасау үшін барлық өндірістік деректерді бір орталыққа жинақтау және талдау үшін құрылған. Орталықтың мүмкіндіктері өндіріс қызметкерлерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында үнемі жетілдіріліп, толықтырылуда. Осылайша, өндірістік ақпаратты талдауға қатысты күнделікті жұмыс ағымын жеңілдетеді.
Таныстырылым барысында атап өтілгендей, «Ембімұнайгаз» АҚ халықаралық компаниялардың тәжірибесіне сай, үш негізгі құрамдас бөлікті, яғни, адамдар, процестер және технологияларды ескере отырып, цифрландыруға кешенді көзқарасты ұстанады. Бұл нәтиженің сапалы болуымен қатар, сандық көрсеткіштердің артуына да мүмкіндік береді: өндірістік процестердің тоқтап қалуын азайту, өндірудегі төмен нәтижелер, ұңғымаларды күрделі жөндеу кезеңін арттыру, өндірістегі шығындарды азайту.
Бұдан соң, Атырау облысындағы мұнай компаниялары басшыларының қатысуымен сапар қорытындысы бойынша кеңейтілген жиын өтті.
БАҚ-пен байланыс үшін:
Индира САТЫЛҒАНОВА: І.Satylganova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-34-66
Гүлжан ӘмІрова: G.Amirova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-32-09
Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен-Атырау-Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы «Qazaq Gaz» ҰК» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2022 жыл аралығында Ұлттық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 472 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға - 5 млрд 640 млн теңгеге жуық қаражат аударды.