«Ембімұнайгаз» АҚ-да дала өртін сөндіру бойынша оқу-жаттығу өткізілді

08 тамыз, 2023

Төтенше жағдайларды жою барысындағы «Доссормұнайгаз» МГӨ басқармасы қызметкерлері мен «Семсер – Өрт сөндіруші» ЖШС №10 өрт сөндіру бөлімінің, «Медикер – Өндірістік медицина» ЖШС тарапынан жұмылдырылатын күштер мен құралдардың дайындығын тексеру және бірлескен іс-әрекеттерді пысықтау. Ботахан кен орнында өткізілген дала өртін сөндіру бойынша оқу-жаттығу сабағының (ОЖС) негізгі тақырыбы осындай болды.

Жаттығу сабағы көздеген тактикалық жоспарға сәйкес, Ботахан кен орнындағы дала өртінің салдары жер асты жөндеу жұмыстары жүріп жатқан №186 ұңғымаға қауіп төндірді. Сондай-ақ, жерасты жөндеу бригадасы, ұңғыманы жөндеуге арналған АПРС-40 арнайы автокөлігі мен жұмысшылар вагоны (культбудка) да қауіпті аймаққа ілінді.

Жедел хабарлау жоспарына сәйкес, ұңғыманы жерасты жөндеу бригадасының шебері өрт қаупі туралы Ботахан мұнай-газ өндіру цехының бастығына хабарлады. Ол өз кезегінде өндірісті жедел басқару қызметінің ауысым инженерін, «Семсер – Өрт сөндіруші» ЖШС №10 өрт сөндіру бөлімін және «Медикер ӨМ» мамандарын дереу ақпараттандырды.

Өндірісті жедел басқару қызметінің ауысым инженері «Доссормұнайгаз» МГӨ басқармасының басшылығына, «Семсер – Өрт сөндіруші» ЖШС Доссор, Мақат өрт сөндіру бөлімдеріне өрт туралы жедел хабарлады.

Жедел түрде ұңғыманы жер асты жөндеу бригадасы АПРС-40 арнайы автокөлігін жинастырып, аталған арнайы техника мен вагонды қауіпсіз жерге сүйреп, шығарды.

Оқиға орнынан қауіпсіз жерде жедел штаб құрылды.

«Өрт сөндіру жұмыстарына «Семсер – Өрт сөндіруші» ЖШС №10 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері мен АЦ-5-40 (КАМАЗ) өрт сөндіруші арнайы автокөлігі және Ботахан мұнай-газ өндіру цехының қызметкерлері мен транспорт құралдары (су тасу техникасы мен погрузчик) жұмылдырылды. Цех қызметкерлері мен мен өртке қарсы қызмет мамандарының бірлескен жедел іс-әрекеттері нәтижесінде өрт 20 минут ішінде ауыздықталды» - деді «Доссормұнайгаз» МГӨБ ЕҚжӨҚ бөлімінің бастығы Талғат Сапарбеков.

БАҚ-пен байланыс үшін:

Индира САТЫЛҒАНОВА: І.Satylganova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-34-66
Гүлжан ӘмІрова:
G.Amirova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-32-09

Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен-Атырау-Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы «Qazaq Gaz» ҰК» АҚ арқылы жүзеге асады.  «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2022 жыл аралығында Ұлттық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 472 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға - 5 млрд 640 млн теңгеге жуық қаражат аударды.