«Ембімұнайгаз» АҚ-да дәстүрлі спартакиада өтті

29 мамыр, 2023

22-25 мамыр күндері аралығында «Ембімұнайгаз» АҚ-на (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) қарасты өндірістік-құрылымдық бөлімшелер арасында спартакиада өтті. Спорттың 12 түрінен өткен жарысқа 480 қызметкер қатысты.

«Ембімұнайгаз» АҚ-да жұмысшылардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға баса басымдық беріледі. Осы орайда, компанияішілік спартакиада жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

Спартакиада барысында футзал, волейбол, үстел теннисі, жеңіл атлетика, шахмат, тоғызқұмалақ, баскетбол, киберспорт, асық ату, арқан тарту, армрестлинг, суға жүзу спорт түрлері бойынша үздік ойыншылар анықталды.

Спорт сайысының қорытынды марапаттау шарасында «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры Сәбит Арынов қатысушыларға алғыс білдіріп, жеңістерімен құттықтады: «Төрт күнге созылған сайыстар барысында ембілік мұнайшылар өндірісте ғана емес, спортта да мықты екендерін дәлелдеді. Бірнеше алаңдарда қызықты ойындар, тартысты бәсекелер өтті. Әрине, сайыс болған жерде жеңіс те, жеңіліс те болады. Бірақ, бәрімізді осы алаңға жинаған негізгі себептің бірі – спортқа деген қызығушылық, жеңіске деген ұмтылыс. Спорт шарасына барлық басқармалардың құрама командалары жақсы дайындықпен келген. Компания басшылығы атынан алғыс айтамын». 

Компанияішілік сайыста жеңімпаз атанған ембіліктер «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның еншілес мекемелері арасында өтетін спартакиадаға қатысады.

БАҚ-пен байланыс үшін:

Индира САТЫЛҒАНОВА: І.Satylganova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-34-66
Гүлжан ӘмІрова:
G.Amirova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-32-09

Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен-Атырау-Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы «Qazaq Gaz» ҰК» АҚ арқылы жүзеге асады.  «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2022 жыл аралығында Ұлттық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 472 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға - 5 млрд 640 млн теңгеге жуық қаражат аударды.