Ембілік мұнайшылар Наурыз тойын атап өтті

24 наурыз, 2023

Жыл басы әз-Наурызды ембілік мұнайшылар жылдағы қалыптасқан дәстүрге сай, кең көлемде атап өтті. Ұлыстың ұлы күніне орай «Ембімұнайгаз» АҚ өндірістік-құрылымдық бөлімшелерінің ұжымдары көптеген шаралар ұйымдастырды. Салтанатты жиындарға мұнай-газ өндіру басқармалары орналасқан аудандардың әкімдері мен сала ардагерлері қатысты.

Орталық басқару аппаратынан бастау алған шаралар «Өндірістік-техникалық қамту және жабдықтармен комплектациялау» басқармасында, «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Ембімұнайэнерго» мен «Қайнармұнайгаз»,  «Жайықмұнайгаз»   басқармаларында жалғасты.

Мерекеде мұнайшыларды арнайы барып құттықтаған «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры Сәбит Арынов лебізін білдірді. «Ұлыстың Ұлы күні Наурыз – ұлтымыз үшін ең маңызды мейрам. Ырыс пен берекенің арқауы болатын тамаша мереке әр шаңыраққа  шат көңіл, бақыт және береке сыйласын!» деген компания басшысы «Жылыоймұнайгаз» МГӨ басқармасында өткен Наурыз тойы барысында сәбидің тұсауын кесті. Бұндай шара «Доссормұнайгаз», «Жайықмұнайгаз» басқармаларында да жалғасып, ардагер мұнайшылар тұсау кесті.

Салтанатты шаралар барысында Ембі өндірісін өркендетудегі табысты еңбегімен үлгі болған жұмысшылар «Ембімұнайгаз» АҚ Құрмет грамотасымен, Бас директордың, басқарма басшыларының, Кәсіподақ ұйымының  Алғыс хаттарымен марапатталды. Ұлттық  киім үлгілерін дәріптеген қызметкерлерге сыйлық тапсырылды.

Мерекеге орай, киіз үйлер құрылып, ұлттық ойындардан сайыс, салт-дәстүрлерге қатысты викториналық жарыстар ұйымдастырылды.  

БАҚ-пен байланыс үшін:

Гүлжан ӘМІРОВА: G.Amirova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-32-09
Индира САТЫЛҒАНОВА:  І.Satylganova@emg.kmgep.kz, +7 (7122) 99-34-66

Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы «Qazaq Gaz» ҰК» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2022 жыл аралығында Ұлттық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 472 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 5 млрд 640 млн теңгеге жуық қаражат аударды.