Ембілік жас мамандар Сарайшық көне қаласына экспедиция ұйымдастырды

11 шілде, 2022

«Ембімұнайгаз» АҚ-ның (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) 100 жылдығына орай компанияның жас мамандары Атырау өңіріндегі ортағасырлық Сарайшық қалашығына экспедицияға барды. Ең алдымен, жастар Махамет ауданы Сарайшық ауылындағы «Сарайшық» музей-қорығында болып, мұндағы жәдігерлермен танысты.

- 100 жылдық мерейтойға орай жоспарланған іс-шараларға сәйкес, компанияның жас мамандарына да арналған бірқатар шаралар ұйымдастырылуда. Бұған дейін жас мамандар алғаш мұнай бұрқағы атқылыған – Қарашүңгілде, атақты №3 ұңғыма орналасқан жерлерде болған еді. Осы жолы да тарихымызды жастарға таныстыру мақсатында Сарайшық қалашығына жол тарттық, - деді ЕМГ әлеуметтік саясат және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің директоры Қуандық КАЛИДУЛЛИН.

Музей-қорығында жастарға хандар кесенесі, мешіт, этноауыл таныстырылды. Ал, көне қалашық орнында жас мамандар жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстарымен танысты.

 

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның ұйымдастыру бөліміне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: 8 (7122) 99-32-09

Индира САТЫЛГАНОВА І.Satylganova@emg.kmgep.kz тел: 8 (7122) 99-34-66

Анықтама: «Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы»  АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы «Qazaq Gaz» ҰК» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2021 жыл аралығында аралығында Ұлтық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 303 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 4 млрд 900 млн теңгеге жуық   қаражат аударды.