Ембінің 100 жылдығына орай эрудициялы жас мұнайшылар арасында интеллектуалды ойын өтті

11 шілде, 2022

8-шілде күні «Ренессанс» қонақүйінде «Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) жас мамандары арасында «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалды ойыны өтті. Шараға Компанияға қарасты өндірістік-құрылымдық бөлімшелерден жас мамандар қатысып, 8 команда арасында сайысқа түсті.

- Компания жас мамандардың бойында патриоттықты қалыптастыруға және тұлғалық дамуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға  баса назар аударуда. Осыған орай биыл ЕМГ-нің 100 жылдығына арналған бірқатар шаралар жастарға арналып отыр. Бүгінгі шара жастардың логикалық ойлау қабілеттерін арттырумен қатар, ғасырлық тарихқа үңілуге септігін тигізеді, - деді ЕМГ әлеуметтік саясат және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің директоры Қуандық КАЛИДУЛЛИН.

Интеллектуалды жарыс 2 кезеңнен тұрды. Алғашында командалар 40 сұраққа жауап беріп, ұпай жинады.

Сайыс қорытындысымен ұпай саны бойынша «Эйнштейннің ағайындары» командасы ІІІ орынды, «Бірлік» командасы ІІ орынды иеленді. Ал, «Бар ел» командасы ең көп сұраққа дұрыс жауап беріп, жеңімпаз атанды.

Сайыстың екінші кезеңінде «Бар ел» командасы жекелей сында бақтарын сынады. 

 

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның ұйымдастыру бөліміне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: 8 (7122) 99-32-09

Индира САТЫЛГАНОВА І.Satylganova@emg.kmgep.kz тел: 8 (7122) 99-34-66

Анықтама: «Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы»  АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы «Qazaq Gaz» ҰК» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2021 жыл аралығында аралығында Ұлтық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 303 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 4 млрд 900 млн теңгеге жуық   қаражат аударды.