«Өндірістік-техникалық қамту және жабдықтармен комплектациялау» басқармасының 50 жылдық мерейтойы аталып өтті

11 мамыр, 2022

   6 мамыр күні Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясында «Ембімұнайгаз» АҚ-на (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) қарасты «Өндірістік-техникалық қамту және жабдықтармен комплектациялау» басқармасының 50 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті.

   - Биыл «Ембімұнайгаз» АҚ-ның 100 жылдығымен қатар Компанияға қарасты «Өндірістік-техникалық қамту және жабдықтармен комплектациялау» басқармасының (бұдан әрі ӨТҚжЖКБ) 50 жылдық мерейтойы тұспа-тұс келіп отыр. Жүктерді қабылдау, түсіру, қоймалау, сақтау, өнідіріске жіберу, базаларға түскен тауарлық-материалдық құндылықтарды қабылдау келісімшартына мониторинг жүргізу жұмыстарымен айналысатын басқарма ұжымының Компания  қызметінде алар орны зор. Басқарма ұжымын жарты ғасырлық мерейлі тойларымен құттықтап, еңбектеріне табыс тілейміз, - деп атап өтті салтанатты жиынға қатысқан ЕМГ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Рысты ТАСМАҒАМБЕТОВА.   

   Айта кетейік, «Ембімұнайгаз» АҚ өндірістік құрылымдық бөлімшесі ӨТҚжЖКБ 1972 жылы бұрынғы «Ембімұнайтехснаб» конторасы негізінде құрылды.  

   Кеш барысында Қазақстан-британ пианисті, халықаралық конкурстардың лауреаты, Музыка Корольдігі академиясының магистрі Дина Дүйсеннің және аталған Өнер академиясы оқушыларының концерті көрермен назарына ұсынылды.

 

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның ұйымдастыру бөліміне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: 8 (7122) 99-32-09

Индира САТЫЛГАНОВА І.Satylganova@emg.kmgep.kz тел: 8 (7122) 99-34-66

Анықтама: «Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы»  АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2021 жыл аралығында аралығында Ұлтық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 303 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 4 млрд 900 млн теңгеге жуық   қаражат аударды.