«Ембімұнайгазда» АҚ-да Геолог күні атап өтілді

04 сәуір, 2022

«Ембімұнайгаз» АҚ-да (бұдан әрі ЕМГ) Қазақстанда сәуір айының алғашқы жексенбісінде тойланатын Геолог күні аталып өтті.   

Шараға жиналғандарды ЕМГ Басқарма төрағасы Есен ҚАЙЫРЖАН құттықтады. Өз сөзінде ол мұнай өнеркәсібін дамытудағы геологиялық барлау саласының ерекше рөлін, оның ішінде ЕМГ геологтарының Қазақстан жер қойнауын игеруге қосқан зор үлесін атап өтті. Бүгінгі таңда геология, басқа салалар сияқты, инновациялық технологияларды дамыту және енгізу кезеңінде. Біздің бүгінгі мақсатымыз – жаңа кен орындарын ашумен қатар, байырғы кеніштердің «өмір жасын» ұзарту.

Кәсіби мерекеге орай «Ембімұнайгаз» АҚ бір топ қызметкеріне ведомстволық марапаттар табысталды. Олардың қатарында: «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы бастығының геология және игеру жөніндегі орынбасары Балмаш Жақсыбаева ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі атынан «Жер қойнауының құрметті барлаушысы» төсбелгісімен, «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы геология және кен орындарын игеру бөлімінің бастығы Шынболат Оңғарсынов пен ЕМГ геологиялық барлау жұмыстары қызмет жетекшісінің орынбасары Сағида Джумагалиева «Жер қойнауын барлаудың үздігі» төсбелгісімен, «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының геологы Майра Сабирова мен ЕМГ геологиялық барлау жұмыстары қызметінің аға геологы Сәуле Сапарова аталған министрліктің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Сонымен қатар, мұнай-газ саласының дамуына қосқан үлесі, кәсіби қызметте жеткен жетістіктері үшін ҚР Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасы «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының геологы Дамир Мыңбаевқа табысталды.

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының Құрмет грамотасы «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының геологы Әдемі Қалимоваға, ЕМГ геология және кен орындарын игеру департаментінің геофизигі Нұргүл Сарғұнановаға, «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының геологы Жалғас Қазжановқа берілді.

Еліміздің мұнай-газ саласын дамытуға қосқан үлесі мен кәсіби шеберлігі үшін ЕМГ Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен бір топ сала мамандары марапатталды.

 

«Ембімұнайгаз» АҚ Ұйымдастыру бөлімі

 

 

 

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның ұйымдастыру бөліміне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09

Индира САТЫЛҒАНОВА І.Satylganova@emg.kmgep.kz 8 (7122) 99-34-66

 

Анықтама:«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы»  АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2021 жыл аралығында аралығында Ұлтық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 303 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 4 млрд 900 млн теңгеге жуық   қаражат аударды.