Ембімұнайгаз халықаралық мұнай және газ көрмесіне қатысты

07 сәуір, 2022

    «Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) «Атырау Мұнай және Газ»  19-шы Солтүстік Каспий аймақтық көрмесіне қатысты. Атырау облысындағы мұнай-газ өндіру саласындағы ірі кәсіпорынның бірі биыл құрылғанына 100 жылдығын атап өтуде. Компанияның көрмедегі стенді осы айтулы мерейтойға арналды.

    Бүгінгі таңда ЕМГ 32 кен орнын игеріп, жылына 2 млн.600 мың тонна мұнай өндіріледі.

     - 100 жылдық мерейтойға біз өндірістің цифрландыру мен модернизациялау саласында жаңа технология мен әдістерді енгізу арқылы жақсы көрсеткіштермен жеттік. Атап айтсақ, Уаз кен орнындағы  Инттелектуалды кен алаңы, визуализациялық орталықтар мен өндірісті жедел басқару орталықтары, ілеспе газды кәдеге жарату, ұңғымаларды горизонталды бұрғылау жобалары өзінің тиімділігін көрсетті. Аталған жұмыстар қосымша өнім алуға жол ашумен қатар, мұнайлы өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту, ұжымның қауіпсіз ортада еңбек етуіне мүмкіндік жасауға бағытталған, - деп атап өтті ЕМГ бас технологы Марат ЕЛЕУСІНОВ. 

    Ғасырлық мерейтой аясында Ембі мұнайшылары бірқатар ауқымды шараларды жоспарлап отыр. Соның ішінде, Жылыой ауданында 150 орындық мүмкіндігі шектеулі балаларға  арнап коррекциялық орталық салып, Доссор, Мақат Мұқыр және Аққыстау поселкелерінде көпфункциялы спорттық алаңдардың құрылысы жүргізіледі. Сонымен қатар, Атырау қаласында Мұнайшылар аллеясын ашу, сондай-ақ, қайырымдылық, мәдени-көпшілік шараларын ұйымдастыру жоспарда бар.

     «Атырау Мұнай және Газ» 19-шы Солтүстік Каспий аймақтық көрмесінің және «Атырау Билд» Солтүстік Каспий өңірлік құрылыс көрмесіне биыл Қазақстан, Беларусь, Нидерланды, Ресей, АҚШ және Түркиядан келген 67 компания қатысты.

           

    Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның ұйымдастыру бөліміне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09

Анықтама:«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы»  АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2021 жыл аралығында аралығында Ұлтық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 303 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 4 млрд 900 млн теңгеге жуық   қаражат аударды.