Ембілік мұнайшылар Көрісу мен Наурыз мейрамын атап өтті

18 наурыз, 2022

«Ембімұнайгаз»АҚ (бұдан былай ЕМГ немесе Компания)  ұжымы мемлекеттік және ұлттық мейрам - Көрісу  мен Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін тойлады.

Мерекелік шараның басты қонақтары ретінде ембілік ардагерлер  шақырылды.  Компанияның Орталық басқару аппаратынан бастау алған салтанатты шара «Доссормұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚжЖК» басқармаларында сәтті жалғасын тапты.

- Екі жылға созылған пандемиядан соң, мұнайшылардың еңсесі биік болсын, Жаңа жыл жақсылықтар мен жаңашылдықтардың бастамасы болсын деген ниетпен Көрісу және Наурыз мерекелерін кең көлемде атап өтуді ұйғардық. Жаңа жыл баршамызға жаңа бақыт әкелсін, тыныш өмір сыйласын. Отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік тілейміз,- деген ЕМГ Басқарма төрағасы Есен ҚАЙЫРЖАН қуаныш пен шаттықтың салтанат құрған мерекесінде  ұжым мүшелеріне  жылы лебізін арнады.

Ембі өндірісін өркендетудегі табысты еңбегімен үлгі болған жұмысшылар «Ембімұнайгаз» АҚ Құрмет грамотасымен, Басқарма төрағасының, ЕМГ Кәсіподақ ұйымы жетекшісінің және  өндірістік басқарма бастықтарының Алғыс хаттарымен марапатталды. 

Салтанатты шараларға арнайы шақырылған ембілік ардагерлер жастарға  ақ баталарын беріп, жиын барысында «Үздік киім үлгілері» байқауының жеңімпаздары анықталып, сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, мерекеде  спорттық шаралар да ұйымдастырылып,   халқымызда  ежелден  кең өріс алған ұлттық салт-дәстүрлер көрініс тапты.    

 

            Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның ұйымдастыру бөліміне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09

 

Анықтама:«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы»  АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2021 жылдың 11 айы аралығында аралығында Ұлтық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 303 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 4 млрд 900 млн теңгеге жуық   қаражат аударды.