Ембіде компанияның 100 жылдығына арналған шаралар бастау алды

04 наурыз, 2022

«Ембімұнайгаз» АҚ-ның 100 жылдығына орай шаралар легі «Мұнайшы қыз» клубының ұйымдастыруымен Құлсары қаласындағы «Кең Жылыой» аудандық мәдениет үйінде 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік кешінен басталды. 

Шараға компания басшылығы мен әр өндірістік құрылымдық бөлімшеден 200-ге тарта мұнайшы ару қатысты.

Салтанатты кешті «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының бастығының орынбасары Ерлан Қондыбаев ашып, жаны нәзік болғанымен, «қара алтынды» өндіруде ерлермен бірге жауапкершілікті абыроймен атқарып жүрген мұнайшы қыз-келіншектерді көктем мерекесімен құттықтады.

- 2022 жыл біз үшін ерекше. Биыл компанияның құрылғанына 100 жыл толады. Осы мерекелік шараның аясында біраз жұмысты жоспарлап отырмыз. Солардың бірі – табысты еңбегімен және кәсіпорынның қоғамдық өміріне белсенді қатысуымен ерекшеленген компанияның үздік әйел мұнайшыларын ұлығылау болып табылады, - деп атап өтті құттықтау сөзінде «Ембімұнайгаз» АҚ, Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, «Мұнайшы қыз» клубының жетекшісі Рысты ТАСМАҒАМБЕТОВА.

«Мұнайшы қыз» клубының жетекшісі мұнайшы әйелдердің Ұлы Отан соғысы жылдарындағы, сонымен қатар, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңіндегі қосқан үлестеріне ерекше тоқталып өтті. Бүгінде «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамында  жалпы ұжымның 20 пайызға жуығы  әйел адамдардың еншісінде

Салтанатты шара барысында Ембі өндірісінің дамуына үлес қосқан бір топ мұнайшы қыз «Ембімұнайгаз» АҚ  Басқарма төрағасының Алғыс хатымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды.  Аталған кезеңде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді. Соның ішінде, мемлекеттік қызметте және мұнай-газ өнеркәсібінде жұмыс істейтін әйелдердің қатысуымен республикалық конференция ұйымдастырылды.

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның ұйымдастыру бөліміне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09

Анықтама:«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы»  АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2021 жыл аралығында аралығында Ұлтық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 303 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 4 млрд 900 млн теңгеге жуық   қаражат аударды.