Ембіде «Мерейлі мұнайшы» байқауы қорытындыланды

27 желтоқсан, 2021

«Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) «Мұнайшы қыз» клубының ұйымдастыруымен пандемияның күрделі кезеңінде Компания жұмысын алға жетелеуге, өндірісті тоқтатпауға үлес қосқан мамандардың еңбектерін бағалау және компаниядағы ішкі байланысты, ұжымның ауызбіршілігін нығайту мақсатында «Мерейлі мұнайшы» онлайн дауыс беру байқауы қорытындыланып, жеңімпаздарды марапаттау шарасы өтті.

Аталған байқау ағымдағы жылдың қараша-желтоқсан айларында 3 номинация бойынша ұйымдастырылып, жалпы саны 49 үміткер конкурсқа қатысты.

- Пандемия кезінде ерен еңбектің озық үлгісін көрсеткен жұмысшыларды ұлығылау мақсатында бұл байқау осындай форматпен Компанияда тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Әр номинация бойынша үміткерлерді өндірістік бөлімшелердің басшылары ұсынды.  Олардың әрқайсысы – бүгінгі күннің қаһармандары. Себебі, қиын сәттерде ұзақ мерзімде өндіріс басында болып, уақытпен санаспай еңбек еткен мұнайшылар қандай құрметке де лайық, - деп атап өтті ЕМГ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Рысты ТАСМАҒАМБЕТОВА.   

Дауыс беру Survio ашық платформасында жүзеге асты. Байқау аяқталған соң дауыстар саны автоматты түрде есептеліп, жүйе объективті түрде ең көп дауыс жинаған адамдарды шығарды.

            Пандемия кезінде қиналған жандарға қолұшын созып, демеу бола білген «Ең мейірімді мұнайшы» номинациясы» бойынша жеңімпаздар:

І орын - «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ ұжымы – 2707 дауыс, 29,2%

ІІ орын - «Ембімұнайэнерго» басқармасының арнаулы техника мен автокөлік керуенінің ұжымы – 1047 дауыс, 11,3%

ІІІ орын - «Қайнармұнайгаз» МГӨБ қолданыстағы құрал-жабдықтарды жөндеу және прокаттау бөлімшесінің слесарі Нәсіпқали ДӘУЛЕТБАЕВ – 839 дауыс, 9,0% 

 

Пандемия кезінде ұжым жұмысын алға жетелеп, өндірісті тоқтатпаған «Қатерге еңбекпен төтеп берген мұнайшы» номинациясы бойынша жеңімпаздар:

І орын – «Ембімұнайгаз» АҚ сатып алуларды жоспарлау және ұйымдастыру департаментінің аға маманы Әсел ТОЛЕУБАЕВА – 2777 дауыс, 29,9%

ІІ орын - «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ №1 Қосшағыл мұнай және газ өндіру цехының аға инженері Асқар ДЕМЕГЕН – 1827 дауыс, 19,7%

ІІІ орын - «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ  Прорвадағы вахталық қалашыққа және өндірістік нысандарға қызмет көрсету телімінің бастығы Айгүл НҰРҒАЛИЕВА – 884 дауыс, 9,5%

 

Пандемия кезінде өндірісті тоқтатпау үшін  тиімді тың жолды ұсына білген «Креативті мұнайшы» номинациясы бойынша жеңімпаздар:

І орын - «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ №2 Терең-Өзек мұнай және газ өндіру цехының бастығы Қанат НҰРМАШЕВ – 1887 дауыс, 20,3%

ІІ орын - «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ Прорва кен орнын игеру тобының өндірістік басқармасының бас технологы Тұрлан САТИЕВ– 1414 дауыс, 15,2%

ІІІ орын - «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бөлімінің бастығы Қайрат ҚҰЛБАЛИЕВ– 1205 дауыс, 13,0%

Жеңімпаздарды «Ембімұнайгаз» АҚ басшылығы құттықтап, 200 000 (І орын), 150 000 (ІІ орын) және 100 000 (ІІІ орын) теңге сертификаттарымен марапаттады.

Сонымен қатар, байқауға қатысқан барлық 40 номинантқа 20 000 теңгеден сертификат тапсырылды.

Шара соңы концерттік бағдарлама ұласты.

 

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның ұйымдастыру бөліміне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09