Мұнайшылар ұлықталған күн

15 желтоқсан, 2021

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай салтанатты шара өтті.

Еліміздің ұлық мерекесіне арналған онлайн форматтағы жиынға әр өңірде орналасқан еншілес кәсіпорындардың өкілдері қатысты. Компания басшылығы Тәуелсіздігіміздің 30 жылы ішінде еліміздің қол жеткізген жетістіктеріне тоқталып, мұнай-газ саласы дамуының маңызды кезеңдерін атап өтті.

Басты мемлекеттік мейрам қарсаңында еліміздің және өңірдің өсіп-өркендеуіне мол үлес қосқан компаниялар тобының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табысталды. Соның ішінде, ембілік мұнайшылар да бар.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысының Жарлығымен «Ембімұнайгаз» АҚ өндірісті жедел басқару департаменті орталық инженерлік-техникалық қызметінің ауысым бастығы Мәлік ЖҮНІСОВ «Құрмет» орденімен марапатталды.

Сонымен қатар, «Доссормұнайгаз» МГӨБ-ның №2 Қарсақ мұнай-газ өндіру цехының бастығы Лұқпан БИСАЛИЕВ «Ерен еңбегі үшін» медаліне ие болды.

«Жайықмұнайгаз» МГӨБ-ның ұңғымаларды жер асты жөндеу цехының 5 разрядты ұңғымаларды жерасты жөндеу операторы Таубай БЕКЕНОВ пен "Жылыоймұнайгаз" МГӨБ-ның бастығы Ғибатолла ШАНАЕВҚА «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ  Құрмет грамотасы табыс етілді.

Бұған қоса, «Доссормұнайгаз» МГӨБ-ның №1 Ботақан мұнай және газ өндіру цехының 4 дәрежелі мұнай және газ өндіру операторы Болат ҚЫРЫҚБАЕВ, «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-ның №5 мұнай және газ өндіру цехының 5 разрядты мұнай және газ өндіру операторы Өтепберген ЖАМБУЛОВ және «Қайнармұнайгаз» МГӨБ-ның жұмысшы агентті қабатқа сіңіретін насос стансасының машинисі Байғали ҚҰЖБАНОВ «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Марапат иелерін «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы құттықтап, наградаларын табыстады.

Сонымен қатар, ЕМГ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Қанатбек ҚАСЫМҒАЛИЕВ«Доссормұнайгаз» МГӨБ Шығыс Мақат цехының операторы Рақымжан ДҮЙСЕНОВТІ, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ-ның Кенбай мұнай және газ өндіру цехының қабат қысымын ұстау жөніндегі операторы Ермек ЕРМҰХАНОВТЫ «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры» АҚ төсбелгісімен, ал, «Доссормұнайгаз» МГӨБ-ның Мақаттағы мұнай дайындау және айдау цехының 4-дәрежелі сусыздандыру және тұзсыздандыру операторы Сегізбай МҰРАТОВТЫ ҚР Энергетика министрлігінің «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ-ның арнаулы техника және автокөлік колоннасының бастығы Каримолла ШЫҢҒЫСОВТЫ «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен марапаттады.

 

ЕМГ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Рысты ТАСМАҒАМБЕТОВА «Жайықмұнайгаз» МГӨБ мұнай-газ және конденсат  өндіру шебері Қайрат НАСИХАНОВҚА  ҚР Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасын, «Доссормұнайгаз» МГӨБ-ның Доссордағы мұнайды дайындау және айдау цехының бастығы Адай САРҒАЛИЕВКЕ, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ  № 2 «Терең-Өзек» мұнай және газ өндіру цехының мұнай кәсіпшілігі жадықтарына қызмет көрсету және жөндеу бригадасының 5 разряд жөндеушісі Нұрлан АЯЗБАЕВҚА ҚР Энергетика министрлігінің Алғыс хатын, «Ембімұнайгаз» АҚ сатып алуларды жоспарлау және ұйымдастыру департаментінің директоры Мақсат ЖЫЛҚАЙДАРОВҚА «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Құрмет грамотасын, геология және кен орындарын игеру департаменті кеніштік геология және модельдеу қызметінің геологы Амира АМИРОВАҒА ЕМГ Құрмет грамотасын табыс етті.

 

            Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның ұйымдастыру бөліміне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09

 

Анықтама:«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы»  АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2021 жылдың 11 айы аралығында аралығында Ұлтық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 303 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 4 млрд 900 млн теңгеге жуық   қаражат аударды.