Жылыойлық мұнайшылар жалғысбасты анаға пәтер сыйлады

10 желтоқсан, 2021

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының ұжымы құлсарылық жалғызбасты ана Т.Сарбалинаға 2 бөлмелі пәтер сыйға тартты.

Ел Тәуелсіздігі мерекесіне орай «Ембімұнайгаз» АҚ-ның аталған өндірістік бөлімшесі ұйымдастырған салтанатты шара барысында «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ бастығы Ғибатолла Шанаев баспана иесіне пәтер кілтін табыстады.

– Құлсары қаласында пәтер жалдап жүрген Т.Сарбалина басқармаға келіп, отбасындағы ауыр жағдай туралы айтып, көмек сұрады. Біз бұл кісінің жағдайын ескере отырып, ұжымға үндеу жолдаған болатынбыз. Бірауыздан қолдау білдіріп, қиналған жанға көмек қолын созу мақсатында өз еріктерімен қаражат жинаған жылыойлық мұнайшыларға ризашылығымды білдіремін,

Ұжым кез келген қиындықта жұдырықтай жұмылып, топтаса түсетінін тағы бір аңғартты. Ізгілікті іс-шараларға қашанда дайын екендіктерін тағы бір мәрте дәлелдей білді. Қиын сәтте мейірім мен бірліктің асқақ үлгісін көрсеткен  барша әріптестеріме алғысым шексіз. Қайырымдылық – ізгіліктің нұры. Бір-бірімізге қайырымды болайық! Мұндай қайырымдылық шараларының одан әрі жалғасын табатынына сенемін, - дейді «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ бастығы Ғибатолла ШАНАЕВ.

Баспананы табыстау шарасына басқарма басшылығы, басқарманың Ардагер кеңесінің төрағасы М.Исаинова, ұжым қызметкерлері қатысып, пәтер иесіне ақжарма тілектерін арнады.

 

 

            Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның ұйымдастыру бөліміне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09

 

Анықтама:«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы»  АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2021 жылдың 11 айы аралығында аралығында Ұлтық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 303 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 4 млрд 900 млн теңгеге жуық   қаражат аударды.