«Ембімұнайгаз» АҚ-да Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған спартакиада өтті

14 желтоқсан, 2021

Атырауда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне арналған «Ембімұнайгаз» АҚ өндірістік-құрылымдық бөлімшелері арасында спартакиада өтті.

 Төрт күнге созылған додада Орталық басқару аппараты, «Жылыоймұнайгаз», «Доссормұнайгаз», «Жайықмұнайгаз»» «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармаларының, «Ембімұнайэнерго» басқармасының, «Өндірістік-техникалық қамту және жабдықтармен комплектациялау» басқармасынан 182 спортшы жарыс алаңына шықты.

Спорттың 6 түрінен, атап айтсақ, кіші футбол, волейбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, бильярдтан жарыстар қызықты да тартысқа толы болды.

 - Компанияда жұмысшылардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға баса басымдық беріледі. Сондықтан, мұндай жарыс ұйымдастыру дәстүрге айналған. Себебі, бұл спартакиада қызметкерлердің корпоративті рухын арттырып, әріптестер арасында ауызбіршілік пен достықты қалыптастырады, - деп атап өтті «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы Есен ҚАЙЫРЖАН.

 

Спартакиада қорытындысы бойынша төмендегі қызметкерлер (командалар) жүлдегер атанды:

Шахмат (ерлер арасында)

І орын - Асылбек  Ғаллам («Жайықмұнайгаз» МГӨБ)

ІІ орын - Ерлан Жұмағалиев («Доссормұнайгаз» МГӨБ)

ІІІ орын - Ермек Айтбаев («Ембімұнайэнерго» басқармасы)

 

Шахматы (қыздар арасында)

І орын - Құралай Сагинаева («Қайнармұнайгаз» МГӨБ)

ІІ орын - Ақмарал Усалиева («Жайықмұнайгаз» МГӨБ)

ІІІ орын - Гүлшат Жұмағалиева («Доссормұнайгаз» МГӨБ)

 

Тогызқұмалақ (ерлер арасында)

І орын - Сырым Мұратов («Жайықмұнайгаз» МГӨБ)

ІІ орын - Рахымжан Теміров («Жылыоймұнайгаз» МГӨБ)

ІІІ орын - Аманжан Күншығаров («Доссормұнайгаз» МГӨБ)

 

Тоғызқұмалақ (әйелдер арасында)

І орын - Айнұр Меңдібай («Жайықмұнайгаз» МГӨБ)

ІІ орын - Айна Аймакова («Доссормұнайгаз» МГӨБ)

ІІІ орын - Гүлзира Алдашбаева («Жылыоймұнайгаз» МГӨБ)

 

Үстел теннисі (ерлер арасында)

І орын - Ахметжан Торпақов («Қайнармұнайгаз») МГӨБ

ІІ орын - Руслан  Даутов («Жылыоймұнайгаз» МГӨБ)

ІІІ орын - Мейрам Галиев («Доссормұнайгаз» МГӨБ)

 

Үстел теннисі (әйелдер арасында)

І орын - Тамара Сабырова («Жайықмұнайгаз» МГӨБ)

ІІ орын - Жанар Сәрсенғалиева («Жылыоймұнайгаз» МГӨБ)

ІІІ орын - Светлана Орынтаева («Доссормұнайгаз» МГӨБ)

 

Волейбол

І орын - «Қайнармұнайгаз» МГӨБ

ІІ орын - «Доссормұнайгаз» МГӨБ

ІІІ орын - «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ

 

Волейбол бойынша үздік ойыншылар:

Жанаргүл Хасанова («Жайықмұнайгаз» МГӨБ)

Құрал Әбденов («Қайнармұнайгаз» МГӨБ)

Жұмабай Молдашұлы («Жылыоймұнайгаз» МГӨБ)

Айнұр  Салиев («Доссормұнайгаз» МГӨБ)

 

Кіші футбол

І орын – Орталық басқару аппараты

ІІ орын - «Доссормұнайгаз» МГӨБ

ІІІ орын - «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ

 

Кіші футбол бойынша үздік ойыншылар:

Қуандық Мергенов (Орталық басқару аппараты)

Асхат Ғинаятов (Орталық басқару аппараты)

Байыржан Нығметов («Ембімұнайэнерго» басқармасы)

Әлібек Шыныбаев («Жылыоймұнайгаз» МГӨБ)

Серік Бисекенов («Доссормұнайгаз» МГӨБ)

 

Бильярд

І орын - Мақсат Жылқайдаров (Орталық басқару аппараты)

ІІ орын - Танат Сәрсенов (Орталық басқару аппараты)

ІІІ орын - Абылай Жұмашев (Орталық басқару аппараты)

 

Бильярд бойынша үздік ойыншылар:

Самат Искариев («Доссормұнайгаз» МГӨБ)

Мейрамбек Білғали («Жайықмұнайгаз» МГӨБ)

Қанат Шаңқанов («Жылыоймұнайгаз» МГӨБ)

 

Спартакиада қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есеп:

І орын - «Доссормұнайгаз» МГӨБ

ІІ орын - «Жайықмұнайгаз» МГӨБ

ІІІ орын - «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ

 

 

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның ұйымдастыру бөліміне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09

 

Анықтама:«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы»  АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2021 жылдың 11 айы аралығында аралығында Ұлтық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 303 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 4 млрд 900 млн теңгеге жуық   қаражат аударды.