Ембілік мұнайшы – «Құрмет» орденінің иегері

14 желтоқсан, 2021

Еліміздің бас мерекесі - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының бас технологы Жәнібек Бердібекұлы САҒЫНДЫҚОВ «Құрмет» орденімен марапатталды.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Мемлекет басшысының Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Еліміздің экономика саласында табысты еңбектерімен ерекшеленген азаматтарды KAZENERGY қауымдастығының төрағасы Тимур ҚҰЛЫБАЕВ  бейнеконференция арқылы құттықтады.  

Ембілік мұнайшыға мемлекеттік марапатты емг Басқарма төрағасы Есен Қайыржан табыс етті.  

- Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында осындай жоғары марапатқа ие болуым – әріптестерімнің де ортақ табысы. Бұл – бірлескен еңбектің нәтижесі. Еліміздің экономикасының басты күретамыры саналатын мұнай-газ саласында еңбек етіп, мемлекетіміздің өркендеуіне үлес қосу – мен үшін мақтаныш, - дейді «Құрмет» орденінің иегері «Жайықмұнайгаз» МГӨБ бас технологы Жәнібек САҒЫНДЫҚОВ.

Жәнібек Бердібекұлы 37 жылға тарта уақыт өтілінде қарапайым мұнай өндіруші операторлығынан бастап,   әр түрлі лауазымдарды абыроймен атқара білді.

 

Жиын барысында Компания басшылығы жоғары мемлекеттік марапатқа ұсынылған ембілік мұнайшыға құрмет көрсетті.

 

            Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның ұйымдастыру бөліміне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09

 

Анықтама:«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы»  АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» компаниясы акционерлік қоғам болып құрылған 2012 жылдан бастап Компания 2021 жылдың 11 айы аралығында аралығында Ұлтық қор, республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн 303 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға – 4 млрд 900 млн теңгеге жуық   қаражат аударды.