Басқарушы директорлар

Көзов Қайрат Салауатұлы

Кен орындарын игеру жөніндегі басқарушы директор

Білімі: Атырау мұнай және газ институты (мамандығы «Мұнай кен орындарын игеру»). 

Еңбек жолын 2004 жылы «Каспиймұнайгаз» ҒЗЖИ» АҚ кен алаңдарды игеруді жобалау және талдау бөлімінің технигі қызметінен бастады. Кейін «Каспиймұнайгаз» ҒЗЖИ» АҚ геологиялық-гидродинамикалық модельдеу бөлімінің инженері, «Каспиймұнайгаз» ҒЗИ ЖШС игеру департаментінің сектор меңгерушісі, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ «Инженерлік орталық» филиалы директорының орынбасары, «Ембімұнайгаз» АҚ геология және кен орындарын игеру департаменті директоры қызметтерін атқарды.

2018 жылдың қараша айынан бастап «Ембімұнайгаз» АҚ кен орындарын игеру жөніндегі басқарушы директоры лауазымында еңбек етіп келеді. 

Геологиялық-техникалық іс-шараларды жасақтау қызметін реттеу және озық технологияларды өндіріске енгізу, сонымен қатар, мұнай мен газды өндіру бойынша жобалық шешімдер мен көрсеткіштердің  сақталуын қадағалайды.  Геология және кен орындарын игеру, жаңа техника және технология департаменті, бұрғылау және ҰКЖ департаменттері, маркшейдер қызметіне жетекшілік етеді.  

Марапаттары:

ҚР Ұлттық инженерлік академиясының «2016 жылдың үздік инженері» медалі (2016 ж.), «Ембімұнайгаз» АҚ-на 95 жыл» мерекелік медалі (2018 ж.)