Басқарма

Cәбит Әбілдаұлы Арынов

«Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы)

Білімі жоғары, Қазақ ұлттық техникалық университетін «пайдалы қазбалар кен орындарын барлау технологиясы және техникасы» мамандығы бойынша бітірген (1999). Іскерлік әкімшілік магистрі дәрежесіне ие (МВА), Назарбаев университеті.

Еңбек жолы:

Еңбек жолын 1999 жылы Атырау мұнай айдау станциясында технологиялық құрылғыларды жөндеу жөніндегі слесарі болып бастаған. Кейін Атырау мұнай құбыры басқармасының инженер-механигі болды.

2000-2002 жылдары – Атырау су дайындау және сумен қамтамасыз ету басқармасының магистральдық құбырлар және жабдықтарды пайдалану қызметінің инженері.

2002-2005 жылдары - «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалының пайдалану бөлімінің инженері, орталық диспетчерлік пункттің диспетчері, диагностика жөніндегі инженері, мұнай құбырын пайдалану бөлімі бастығының орынбасары.

2005-2007 жылдары – Орал мұнай құбыры басқармасының магистральдық құбырларды пайдалану қызметінің басшысы.

2007-2008 жылдарда - «Терминалекс» ЖШС бас директоры.

2008-2009 жылдары - «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалының Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының бас инженері.

2009-2017 жылдары «ҚазТрансОйл» АҚ пайдалану департаментінің директоры, «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалының басшысы лауазымын атқарды.

2018 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары болды. 

2023 жылдың наурыз айынан бастап “Ембімұнайгаз” АҚ Бас директоры ( Басқарма төрағасы) болып тағайындалды.