Ақпараттық анықтама

ЕМГ АҚ – КМГ ҰК АҚ-на қарасты КМГ БӨ АҚ –ның еншілес кәсіпорны.  «Ембімұнайгаз» АҚ  тарихы 1922 жылдан – Доссор мен Мақат кен алаңдарын игеру үшін «Ембімұнай» трест болып құрылған кезеңнен басталады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен алаңдарын игеру, мұнай-газ өндіру, мұнай-газ дайындау. «Ембімұнайгаз»  АҚ-на қарасты 6 басқарма бар. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚЖжЖК».

Компания өндірілген мұнайды экспортқа және ішкі нарыққа шығаруда. Ішкі нарыққа шығарылатын  мұнай ҚР мұнай дайындау зауыттарына жөнелтілуде. Экспортқа шығатын өнім екі бағыт: Каспий Мұнайқұбыры Консорциумы (КМК) және Өзен- Атырау-Самара (ӨАС) арқылы  тасымалдануда. Тауарлық газ газ және газбен жабдықтау саласындағы ҚР ұлттық операторы - «КазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асырылады.

2012 - 1.10.2017 жыл аралығында «Ембімұнайгаз» АҚ салық төлемі ретінде республикалық және жергілікті бюджетке 654 млрд. теңгеден астам қаражат аударды, соның ішінде 75 млрд. шамасындағы қаражат  - 2017 жылдың 9 айында. «Ембімұнайгаз» АҚ  өзінің қызметін ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізіп отыр.