Әлеуметтік әріптестік

«Ембімұнайгаз» АҚ Атырау облыстық әкімдігімен тығыз байланыста жұмыс жүргізуде. Екі жақты бекітілген ынтымақтастық және Түсіністік Меморандумы бойынша Компания облыс бюджетіне жыл сайын қомақты қаражат аударып  келеді.  

2014 жылы Компанияның  облыс бюджетіне қайырымдылық және демеушілік шаралары үшін аударған қаражаттары.

  • Облыстық, қалалық ардагерлер кеңесіне, көмекке зәру жекелеген ардагерлерге - 2 829.57 млн. теңге,
  • мүгедектер қоғамына - 6 500 000 млн. теңге,
  • Атырау қаласының инфрақұрылымын жақсарту мақсатында - 156,3 млн. теңге,
  • облыстың мәдени саласы мен бұқаралық спорттың дамуына -105 001 611 млн. теңге.

Мақат кен алаңының 90 жылдығына орай 10,5 млн. теңге қаражат көлемінде демеушілік көмек көрсетілді. Атырау мұнай және газ институтында өтетін дәстүрлі Надиров оқуы шарасына демеушілік танытуда. Өткен жылы осы шараға 1 070 000 теңге қаражат бөлді.

Компания облыстағы балалар үйін өз қамқорлығына алып, жыл сайын бұл мекемелерге қомақты қаражат бөлуде.  Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №1 Қазыбаев атындағы облыстық мектеп-интернаттың тәрбиеленушілерінің жазғы демалысы үшін  12 млн теңге   қаражатқа жолдама алынды.

ДЦП дертіне шалдыққан балалардың басын қосатын  «Маленькая страна» қоғамының есеп шотына  4 млн. 50 мың теңге қаражат аударды. Бұдан өзге Компания басшылығына әлеуметтік көмек сұрап, өтінішпен шыққан жекелеген азаматтарға  да   қаражаттай көмектер көрсетілді. 

  • Айдашев Н.-585 000 теңге,
  • Исакулова С.-650 000 теңге,
  • Давлетов Н.- 4 625 000 теңге,
  • Сапарова А.-600 000 теңге,
  • Ахметов С.- 2 730 000 теңге,
  • Қуанышева Р.- 1 000 000 теңге,
  • Толемісова Б.- 1 500 000 теңге,
  • Оттенбахер Л.- 4 217 000 теңге,
  • Каспаев Б.- 7 719 000 теңге,
  • Өтепқалиева Л.- 700 000 теңге,
  • Жазикова Г.- 2 300 000 теңге,
  • Бегалиева Г.-4 800 000 теңге қаражат көлемінде демеушілік көмектер көрсетілді.

«Ембімұнайгаз»  АҚ жыл сайын Атырау облысында ұйымдастырылатын Халықаралық, республикалық шараларға демеушілік көрсетуде. 2015 жылы өткен «АтырауГео-2015» атты Халықаралық геологиялық конференцияның Бас демеушісі болып,  5 500 000 теңге көлемінде қаражат бөлді.

Құрылымдық бөлімшелер

НГДУ "Доссормунайгаз"   НГДУ "Жылыоймунайгаз"   НГДУ "Жайыкмунайгаз"   НГДУ "Кайнармунайгаз"   "УПТОиКО" "Эмбамунайэнерго"