Мұнайшылардың әлеуметтік жағдайы

«Ембімұнайгаз» АҚ өз қызметкерлерінің әлеуметтік жағынан қорғалуын жоғары дәрежеде қамтамасыз етеді. Ұжымдық келісімшарттар кепілдіктер мен жеңілдіктер, өтемақылар мен материалдық көмекті ғана емес, сондай-ақ жұмыс уақыты нормасы мен демалыстарды да қарастырады. Біз еңбек жағдайына (шартына) ұдайы бақылау жүргізіп, жаңа техникалық шешімдерді енгізіп отырамыз.

2014 жылдың сәуір айынан бастап қызметкерлерге ақшалай төлемді арттыруды қамтамасыз еткен еңбекақы төлеуде бірыңғай жүйені енгізілді. Мұнайшылардың тұрмыстық-жағдайын көтеру үшін әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында компания былтырғы жылы 8 млрд. теңге жұмысады. Ауысымдық әдіспен еңбек ететін жұмысшылардың жағдайын жақсарту үшін көптеген жұмыстар нәтижесін тапты. Осы бағытта 2014 жылы 3 модульдік тұрғын үй-тұрмыстық кешен (асханасы бар жатақхана) 2 медпункт, модульдік типтегі кір жуатын 3 ғимарат, азық-түлік өнімдерін сақтауға арналған 2 жылжымалы  қойма вагон, сондай-ақ  өндірістік учаскелерге арналған 28 операторлық вагон астып алынды.

Компания қызметкерлерінің ғана емес, олардың отбасы мүшелерінің мен зейнеткерлердің де әлеуметтік жағынан қорғалуын қамтамасыз етеді. 2000 –ға жуық ардагерлер назардан тыс қалмайды. Оларға еліміздің шипажайларына тегін жолдамалар беріліп, емделуінің және жол қаражатын компания өз жауапкершілігіне алған.

Құрылымдық бөлімшелер

НГДУ "Доссормунайгаз"   НГДУ "Жылыоймунайгаз"   НГДУ "Жайыкмунайгаз"   НГДУ "Кайнармунайгаз"   "УПТОиКО" "Эмбамунайэнерго"