Қызметкерлерді оқыту және дамыту

Компанияның маңызды стратегиялық ерекшелігі ұдайы жетілдіріп отыруында.

Жұмысшылардың кәсіби шеберліктерін жетілдіру, еңбек қорларын оңтайлы қолдану, жұмысшы кадрларының жұмыста тұрақтандыру мәселесін жетілдіру мақсатында «Ембімұнайгаз» АҚ-да жұмысшы мамандары және инженерлік-техникалық мамандарды оқыту (үйрету) шаралары жүргізіледі.

Оқытуды ұйымдастыру барысында негізінен келесі әдістер қолданылады:

  • жеке, сондай-ақ корпоративтік түрде өткізілетін қысқа мерзімді курстар;
  • модульдік оқыту;
  • тимбилдинг;
  • Қоғамның басқа құрылымдық бөлімшелері немесе басқа компаниялардың құрамында тәжірибеден өткізу;
  • Интернет және/немесе байланыстың басқа түрлерін қолдана отырып қашықтықтан оқыту;
  • конференцияларға, дөңгелек үстелдерге, форумдарға, симпозиумдарға, конгрестерге, көрмелерге қатысу.

Компанияға қызмет көрсетуші негізгі провайдерлер:

  • «Самрұқ-Қазына» Корпоративтік университеті
  • PITC оқу орталығы
  • «Ембіоқуорталығы» ЖШС
  • «Entellekto» ЖШС
  • И.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті
  • Альметьев мұнай және газ институты
  • Татнефть кадрларды даярлау орталығы

Құрылымдық бөлімшелер

НГДУ "Доссормунайгаз"   НГДУ "Жылыоймунайгаз"   НГДУ "Жайыкмунайгаз"   НГДУ "Кайнармунайгаз"   "УПТОиКО" "Эмбамунайэнерго"