Келісім шарт

Кен орындарын жасақтау жөніндегі төрт келісім шарттың мерзімі ұзартылды

«Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы Атырау облысы аумағындағы мұнай және мұнай-газ кен орындарын геологиялық барлау және өндірістік жасақтау жұмыстарын жүргізе отырып, болашақта негізгі құрамдас бөліктерінің бірі өндірістік модернизациямен (жаңарту) қатар, келісім шарт міндеттемелерін үздіксіз жүзеге асыру болып табылатын көмірсутек шикізаты өндірісін айтарлықтай арттыруға мүдделі.

Осы орайда 2014 жылдың сәуірінде мұнай-газ және энергетика салаларының ведомствоаралық комиссия қарауына Келісім шарттың қызмет мерзімін ұзарту туралы бөліміне әрқайсысын қосымша 20 жылға дейін ұзарту туралы өзгеріс енгізу мәселесі ұсынылған болатын.

Бірге атқарылған нәтижелі жұмыстың арқасында Қазақстан Республикасы Энергетика министрі мен «Ембімұнайгаз» АҚ арасында жер байлықтарын пайдалануға Келісім-шарт мерзімін ұзарту туралы қосымша келісімдерге қол қойылды.

Осылайша «Ембімұнайгаз» АҚ-ның кен орындарын жасақтау туралы төрт келісім шартының мерзімі ұзартылды: №37 - Кенбай кен орны - 2041 жылға дейін; №61 - Оңтүстік-шығыс Новобогат - 2048 жылға дейін; №211 – Ботақан, Мақат, Доссор, Таңатар, Камышитовый кен орындары және басқалары (барлығы 22 кен орны) - 2037 жылға дейін; №413 - Прорва, Құлсары, Қаратон, Қосшағыл және басқалары (барлығы 13 кен орны) - 2043 жылға дейін.

Құрылымдық бөлімшелер

НГДУ "Доссормунайгаз"   НГДУ "Жылыоймунайгаз"   НГДУ "Жайыкмунайгаз"   НГДУ "Кайнармунайгаз"   "УПТОиКО" "Эмбамунайэнерго"