Геология

Геологиялық барлау

Жүзеге асырылып отырған геологиялық барлау жұмыстарының негізгі түрлеріне - МОГТ-3D сейсмобарлау, іздестіру-барлаушы бұрғылау және қолданыстағы кен орындарын жеткізе барлау жатады.

Кен орындарындағы өнім беруші горизонттардың геологиялық құрылымдарын егжей-тегжей зерттеу мақсатында заманға сай сейсмобарлау жұмыстары жүргізілуде, олар игеру процесін оңтайландыруға және болашағы бар жаңа участоктарды анықтауға мүмкіндік береді.

Жоспарлы түрде зерттеу жүргізіліп отырған сейсмобарлау мен барлаушы бұрғылау жұмыстары есебінен соңғы жылдары С.Нұржанов, Шығыс Мақат, Батыс Прорва және басқа да кен орындарының мұнай беруші алаңдары кеңейе түсуде. Соның нәтижесінде мұнай және газ өнімінің көлемі де көбейіп отыр.

Жүргізілген 3D сейсмобарлау жұмыстарының көлемі 2014 жылы 46,8 км² құрады. Сейсмобарлау жұмыстарының қорытындылары жобалаушы ұңғымалар салу, кен орындарындағы мұнай қорын қайта есептеу кезінде қолданылатын болады.

2014 жылдың қорытындысы бойынша барлау және жеткізе барлау мақсатында жүргізілген барлаушы бұрғылау жұмыстарының көлемі 15,456 тыс. м. құрады. Ол жұмыстардың орындалуы барысында 10 ұңғыма бұрғыланып, 9 ұңғыма құрылысы салынды. Олардың ішінде 6 ұңғыма өнім берушілер қатарынан орын алуда.

Қорлар

01.01.2015 жылғы жағдай бойынша «Ембімұнайгаз» АҚ-ның балансында 41 кен орны 70 млн.тоннадан астам қалдық қормен тіркелген. Олардың ішінде:

  • игеріліп жатқаны – 33 кен орны,
  • консервацияда тұрғаны – 8 кен орны.

2014 жылы Компания ресурстық базасын кеңейту бағытында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. 2014 жылы өндірілетін мұнай көлеміне қатысты (2,8 млн.т) алынатын дәлелденген мұнай қорының өсуіне сай есептелген (3,9 млн.т) «ЕМГ» АҚ-ның мұнай қорын толықтыру коэффициенті 1,39 құрады.

Қор көлемінің артуы сейсмобарлау, пайдаланушы бұрғылау, жеткізе барлау және кен орындарын қайта бағалау жұмыстарының деректері бойынша, бастапқы мұнай қорының нақтылануы нәтижесінде жүзеге асырылды.

Алайда көптеген кен орындары игерудің соңғы сатысында тұрғанына қарамастан, олардан алынатын қор мөлшері 85 % -дан астамын құрады.

Сондықтан компания геологиялық барлау жұмыстарын одан әрі дамыта түсуді көздеп отыр. Бүгінгі таңда геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін, болашағы бар участоктарға жер қабатын пайдалану құқығын алу мәселелері қарастырылуда. Қоғамның ресурстық базасын одан әрі кеңейте түсуді қамтамасыз ету, негізінен, тұзасты шөгінділерін барлау жұмыстарын жүргізумен байланысты болып отыр.

Мұнай кен орындарын игеру

Ембіден мұнай 1911 жылдан бері өндіріліп келеді. 100 жылдан астам уақыт бойы өндірілген мұнай көлемі бүгінгі таңда 169 млн. тоннаны құрап отыр.

По состоянию на 01.01.2015 жылғы жағдай бойынша «Ембімұнайгаз» АҚ-ның балансында 41 кен орны 70 млн.тоннадан астам қалдық қормен тіркелген.

2015 жылы «Ембімұнайгаз» АҚ дамудың ұзақ мерзімді жаңа стратегиясын қабылдады, соған сәйкес мұнай өнімін болашағы бар тұзасты блоктарында тереңдіктегі ұңғымаларды барлау және бұрғылау есебінен, сондай-ақ жаңа технологияларды қолдану, суланудың түрлі модификацияларын қолдану арқылы арттыру мақсатында, көне ұңғымалар қорымен жұмыс жүргізу барысында көбейту көзделіп отыр.

«Ембімұнайгаз» АҚ-ның 18 кен орындарында «Инженерлік орталық» филиалымен 2010 жылдан бері геологиялық-гидродинамикалық модельдер салынуда, олардың мұнай кен орындарын игеруді оңтайландырудағы маңызы зор.

Коллекторлық қасиеті төмен жер қабатынан мұнай өндіру қарқынын үдету мақсатында 2005 жылдан бері жер қабатын сумен жару технологиясы (ГРП) кеңінен қолданылып келеді, сонымен қатар екінші оқпан тесу әдісіне сай, 2000 жылдан бері техникалық себептермен бұрынырақта жойылған ұңғымалардың пайдаланылу кезеңі ұзартылуда.

2014 жылдан бастап Забурунье кен орнында полимерлі суландыру әдісі қолданыла бастады, ол бүгінгі күні мұнай қорын толықтай алу мақсатында өнім беруші қабатқа физика-химиялық әсер етудің жоғары тиімділікті әдісіне айналып отыр.

Кенбай кен орнынан жоғары тұтқырлықты мұнай алу үшін, салқын ауыр мұнай өндірудің технологиясын (CHOPS) қолдану жоспарлануда.

Нақты online уақыты режимінде, ұңғымаішілік жұмыстарынсыз, мұнай өндіруді оңтайландыру мақсатында, өнім беруші қабаттан өндіру туралы деректерді жинау, беру және талдауға арналған бірқатар компоненттерді конструктивті біріктіруші – «Интеллектауалды ұңғыма» қондырғысын қолданысқа енгізу жұмыстары орындалуда.

Құрылымдық бөлімшелер

НГДУ "Доссормунайгаз"   НГДУ "Жылыоймунайгаз"   НГДУ "Жайыкмунайгаз"   НГДУ "Кайнармунайгаз"   "УПТОиКО" "Эмбамунайэнерго"