Ілеспе газды пайдалану жобасы

«Ембімұнайгаз» АҚ мұнай ілеспе газын кадеге жарату (утилизациялау) бойынша бірқатар бағдарламалар жасақтап, бекітілді. Мақсат мұнай ілеспе газын жағуды азайту және болашақта мүлдем  жою болып табылады. Жоспарланған бағдарламаларды жүзеге асыру көптеген экологиялық проблемаларды шешуге мүмкіндік береді: атмосфераға тасталар шығындар көлемі,    топырақ жамылғысы мен су нысандарын ластау деңгейі,  газ тәріздес шығарындыларды парниктік эффектке енгізу азаяды.

Бұл бағдарламалар бойынша бүгінгі таңда екі жоба жүзеге асырылған: Исатай ауданында «Жайықмұнайгаз» МГӨБ  С.Балғымбаев  кен орнындағы   «Ілеспе газын дайындау және тасымалдау жүйесін кеңейту» және Мақат ауданыдағы «Доссормұнайгаз» МГӨБ Шығыс Мақат кен орнындағы   «Ілеспе газын дайындау және тасымалдау жүйесін кеңейту» жобалары.Тазартылған газ коммуналды-тұрмыстық және  өнеркәсіптік қажеттілік үшін пайдаланылады.

Артылған газды Исатай, Мақат, Қызылқоға аудандарының халқын «ҚазТрансГазАймақ» АҚ жүйесі арқылы көгілдір отынмен қамтамасыз ету Компанияның  мақсаты. «Жайықмұнайгаз» МГӨБ бойынша орнатылған қондырғының  қуаты жылына 20,0 млн. текше метр, «Доссормұнайгаз» МГӨБ-дағы қондырғы  жылына 40,0 млн. текше метр газ өндіреді.  «Ембімұнайгаз» АҚ қызметкерлерінен 28 адам технологиялық жабдық операторы және компрессорлық жабдық машинистері, технологиялық қондырғы шебері мамандықтары бойынша Ресейдің  Альметьевск қаласында оқып, «Татнефтьгазпереработка» АҚ зауытында тәжірибеден өтті.

Қазіргі уақытта «Прорва кен алаңдары тобындағы мұнай ілеспе газын күкірттен тазарту Қондырғысының құрылысы» нысанын жобалау жүргізілуде. Жоба ілеспе   газын күкірт сутегінен тазартуды, конденсаттан бөлуді және тазаланған газды «Орта Азия Орталық» магистральды газ құбырына тасымалдауды көздейді. Жобаны жүзеге асыру мерзімі 2014-2016 жылдар.

Құрылымдық бөлімшелер

НГДУ "Доссормунайгаз"   НГДУ "Жылыоймунайгаз"   НГДУ "Жайыкмунайгаз"   НГДУ "Кайнармунайгаз"   "УПТОиКО" "Эмбамунайэнерго"