Экология

«Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы, Атырау облысында  ірі табиғат пайдаланушы ретінде, өзінің басқы мақсатымен қатар қоршаған ортаны қорғау, аймақтың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

ӨЭБ (өндірістік экологиялық бақылау) Бағдарламасына сәйкес төмендегідей мониторинг түрлері жүргізіледі:

  • Атмосфералық ауа жағдайы
  • Су асты сулары сапасы
  • Топырақ және өсімдік
  • Радияциялық қауіпсіздік
  • Физикалық факторларды өндірістік бақылау

2005 жылдан бастап 442 гектар тарихи ластанған жерлер биоремедиация әдісімен тазаланды және 2017 жылға ластанған жерлерді толықтай тазарту жоспарлануда.

2007-2008-2010 жылдары  Терен-Узек и Батыс Прорва кенорындарында 5 км теңіз жағалауы «Рено» матрасымен бекітілді.

Соңғы жылдары қоршаған ортаның ластануын болғызбау бағытында бірінші кезекте жарылу қаупі бар темір құбырларды әйнекталшықты (стекловолокнистый) құбырлармен ауыстыру жұмыстары қолға алынып отыр.

Атырау облысына бірінші болып ауаға шығарылатын  ластаушы заттар шығарындыларын азайту технологиясын енгізу қолға алынып,  ағымдағы жылы «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-дағы кенорындардағы мұнай жылыту пештеріне  ластаушы заттарды ұстайтын фильтрлерді орналастыру жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің мұнай – газ кешеніндегі экологиялық реттеу,бақылау және мемлекеттік инспекция комитентімен және Атырау облысы бойынша экология департаментімен жол картасында белгіленген іс-шаралардың орындалу мерзімін нақтылаумен қатар 3 жақты меморандумды дайындау  жұмыстары жүргізілуде.

Құрылымдық бөлімшелер

НГДУ "Доссормунайгаз"   НГДУ "Жылыоймунайгаз"   НГДУ "Жайыкмунайгаз"   НГДУ "Кайнармунайгаз"   "УПТОиКО" "Эмбамунайэнерго"