Өндіру

«Ембімұнайгаз» АҚ Атырау облысының 4 ауданында орналасқан 33 мұнай кен орындарында игеру жұмыстарын жүргізуде. «Ембімұнайгаз» АҚ-ның ұйымдық құрылымы «Жайықмұнайгаз», «Доссормұнайгаз», «Қайнармұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармаларынан,  «Ембімұнайэнерго» және «Өндірістік-техникалық қызмет көрсету және жабдықтармен комплектациялау» басқармаларынан құрылған.   

Мұнай-газ өндіру басқармалары, сонымен қатар екі құрылымдық басқарма

Компаниядағы мұнай өндіру өсімі тұрақтылықты қамтамасыз етеді. 2015 жылға «Ембімұнайгаз» АҚ бойынша 2 800 мың тонна көлемінде мұнай өндіру жоспарланған.

Үстіміздегі жылдың наурыз айында «Ембімұнайгаз» АҚ-мен «Ембімұнайгаз» АҚ дамуының жаңа белестері»  атты дамудың келешек жоспары дайындалып, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма мәжілісінің төрағасына тапсырылды, жоспар қабылданды және құпталды. Келешек жоспарына сәйкес, тереңдіктегі ұңғымаларды бұрғылау, геологиялық барлау (барлау тереңдігі – 7000 метр), мұнай өндіру саласындағы инновациялық технологияларды енгізу, мұнай алу коэффициентін арттыру және ұңғымалар жұмысының жөндеу аралық кезеңін ұзарту бойынша шаралардың орындалуы жоспарланып отыр.

Келешек жоспарымен салалық ҒЗИ мен жетекші сервистік компаниялардың («Weatherford», «Schlumberger» компаниялары, «Каспиймунайгаз» ҒЗИ ЖШС,  «Алстрон» ЖШС, «КазМунайГаз» БӨ АҚ инженерлік орталығының филиалы) мамандарын тарту көзделген. Атап айтқанда, Забурунье кен орнында полимерлі сулануды, көлденең ұңғымаларды бұрғылау және жер қабатынан мұнай өнімділігін арттыру әдістерін енгізу (бу айдау, химиялық әдістер), Шығыс Молдабек кен орнында CHOPS технологиясын (құм араласқан ауыр мұнайды суықтай өндіру) енгізу және Шығыс Мақат кен орнында интеллектуалды ұңғымаларды енгізу қарастырылған. Сонымен қатар МРП –тереңдіктегі сораптарға сервистік қызметтер көрсетуді арттыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Құрылымдық бөлімшелер

НГДУ "Доссормунайгаз"   НГДУ "Жылыоймунайгаз"   НГДУ "Жайыкмунайгаз"   НГДУ "Кайнармунайгаз"   "УПТОиКО" "Эмбамунайэнерго"