Мұнайлы Ембіде қор көлемі айтарлықтай артты

24 қаңтар, 2020
ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың геологиялық барлау жұмыстарын күшейтуге қатысты тапсырмасына сәйкес, «Ембімұнайгаз» АҚ-да (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) 2019 жылы негізінен қолданыстағы кен орындарын қосымша барлау есебінен Компанияның көмірсутегі шикізат базасының айтарлықтай өсуін қамтамасыз етті.
ЕМГ мұнайының алынатын қоры 01.01.2020 ж. жағдай бойынша 86,2 млн. тоннаны құрады. Ал өткен жылғы есептік кезеңде - 74,3 млн. тонна болды. 
 
- 2019 жылы Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар корлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы қолданыстағы С.Нұржанов, Кенбай (Шығыс Молдабек учаскесі), Досмұхамбетов, Ботахан және қайта ашылған Батыс Қарасор (1,4 млн.тн)  кен орындарында 14,8 млн. тонна көлемінде қорды балансқа алып, бекітті. Қор өсіміне байырғы кен орындарын игеруге оңтайлы көзқарас пен жаңа әдістер мен технологияларды қолдана отырып, белсенді барлау жұмыстарын жүргізу нәтижесінде қол жеткізілді, - деп атап өтті ЕМГ Басқарма төрағасы Әнуар ЖАҚСЫБЕКОВ. 
 
Бұған қоса, өткен жылы ЕМГ Тайсойған барлау блогында 5600 шақырым квадрат аумақ көлемінде 3Д МОГТ сейсмобарлау жұмыстарын жүргізді. 
Қазіргі уақытта алынған 3D MOGT деректерін өңдеу және түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, соның негізінде барлау бұрғылау жұмыстары үшін болашақ құрылымдар дайындалады.
 
 
Анықтама:
 
«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады.  
«Ембімұнайгаз» АҚ 2012 және 2019 жылдың 9 айлық қорытындысы бойынша  республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трл 041 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды. 
«Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.
 
 
«Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс  қызметі 
 
Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:
 
Айгүл ЕРТЛЕУОВА
тел: тел: 8 (7122) 99-32-09
 
Дереккөз: www.petroleumjournal.kz