Кәсіпкерлерге - көмек!

20 наурыз, 2018

«Ембімұнайгаз» АҚ кеңсесінде компания басшылығының және тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға жауапты блоктың қатысуымен бизнес өкілдерімен «Ембімұнайгаз» АҚ сатып алуларына қатысуға қажетті 10 әрекет» тақырыбында кездесу-семинар өтті.

«Ембімұнайгаз» АҚ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ компаниялар тобына кіретінін және сатып алуды жүргізу кезінде осы холдингтің Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережелерін (бұдан әрі - Ереже) басшылыққа алатынын ескертеміз.

Семинарға қатысушыларға «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар ЖАҚСЫБЕКОВ құттықтау сөзін арнады:

- Мұнайшылар мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін бизнестің маңыздылығын толығымен ұғынады. 2017 жылдың қорытындысы бойынша, ТЖҚ сатып алу көлемі 82 млрд. теңгеден артық болды. Сонымен бірге, компания жергілікті қамту көлемін 77###i#<-ды құрайтын жоғары деңгейде мақсатты түрде ұстайды. Сонымен қатар, біздің сатып алуларымызға әлемнің кез келген нүктесіндегі жеткізушілердің қатысуына мүмкіндігі бар. Бүгінгі кездесу компанияның бастамасы бойынша ұйымдастырылып отыр, - деп баса айтты Ә.Жақсыбеков. – Бұл соңғы жылдары «Самұрық-Қазына» АҚ Сатып алу ережелерінің өзгеріске ұшырауына байланысты.

Компания басшысы барлық бизнесмендерді кәсіпорынның сатып алуларына белсенді қатысуға шақырды.

- Біздің аймақ мұнайлы аймақ болып табылады және «Ембімұнайгаз» сияқты қала түзуші кәсіпорындар жергілікті шағын және орта бизнес үшін зор мәнге ие. «Ембімұнайгаз» компаниясы – жергілікті қамтуды дамыту, сертификаттау бойынша және көптеген басқа бағыттар бойынша біздің бұрынғы серіктесіміз. Кәсіпкерлердің атынан кәсіпорын басшылығына пікір алмасу алаңын ұйымдастырғаны үшін алғысымды білдіремін. Бұл – бизнес үшін жақсы бастама! – деп мәлімдеді «Атамекен» Атырау облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Асылбек ЖАКИЕВ.

Семинар барысында «Ембімұнайгаз» мамандары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ сатып алулар сайтында тіркелу ережесінен бастап, тікелей шарттарды жасасуға дейінгі сатып алуларды өткізу механизмі туралы толық ақпаратты ұсынды.

Кәсіпкерлер белсенді түрде сұрақтар қойды.

- Мысалға айтайық... Тендер өтті, ал осыдан кейін өндіруші зауытта материал қымбаттауына орай шығын көп болғандықтан, фирма компаниямен шарт жасасудан бас тартты. Қазір компанияның жосықсыз жеткізушілер тізіміне кіру қаупі бар. 

- Шарт жасасқаннан кейін өндіруші зауыттың бағаны көтеруі туралы ықтимал жеткізушілерден өтініштер көп келіп түседі. Өкінішке орай, Ережеге сәйкес, бас тарту үшін бұл негіз бола алмайды, сонымен бірге, Ереженің нормаларымен негізделмеген/бекітілмеген бас тарту жеткізушінің жосықсыз жеткізушілер тізбесіне қосылу қаупін төндіреді. Екінші орынға ие болған жеткізуші үшін ғана жалғыз ерекшелік жасалады, ол шарт жасасудан бас тарта алады, - деп түсіндірді «Ембімұнайгаз» АҚ коммерциялық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Едіге ЧАКЛИКОВ.

«Атамекен» Атырау облысының кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Еркебұлан БАДЕЛОВТЫ екі мәселе толғандырды: Кәсіпкерге төмен түсуге болмайтын сатып алулар сомасының шегі бар ма? Сатып алуларға қатысу үшін сыншылдық деңгейі қандай өлшемшарттар бойынша анықталады?

- Тауарларды сатып алу кезіндегі демпинг түсінігі Ережеден алынып тасталған, соған сәйкес, бағалардың төменгі шегі жоқ. Сыншылдық деңгейіне қатысты айтатын болсақ, онда сатып алуға бөлінген сомаға, сонымен қатар, шығындардың әкімшілік немесе өндірістік болу өзгешелігіне байланысты жеткізушілер үшін жүйенің өзі сыншылдық деңгейін анықтайды, - деп бизнесмендер хабардар етілді.

Диалогтың екі тарабы да бір мәселеде бірауызды болды: тендердің өзгешелігін біле отырып, бағаны әдейі төмендететін, ал содан кейін сапасыз тауар жеткізетін «фирмалар» іске үлкен зиянын тигізеді.

- Олар тауарды жеткізеді де, шетке шығады, ал зардап шегетін біз - жер қойнауын пайдаланушылармыз. Әрине, біз олардан тауарды қабылдамауға тырысамыз, оларды «қара» тізімге кіргіземіз, бірақ, бұл рәсімдерге уақыт керек,- деп түсіндірді Ә.Жақсыбеков.

«Атамекен» ҰКП Атырау филиалы өңірлік кеңесінің төрағасы Әлия БЕКҚОЖИЕВА тақырыпты жалғастырды: 

- Біз, бизнесмендер, іске жауапкершілікпен қарауымыз керек – егер шарт жасалған болса, онда сапалы өнім мен қызметтерді ұсынуға тиіспіз. Бизнес-қауымдастықтың тарапынан біз де семинарлар өткіземіз деп сендіргім келеді. Жер қойнауын пайдаланушы бізге қоятын талаптарға сай болуға тырысамыз.

Қатысушылар осы кездесудің маңызын жоғары бағалады. «Ембімұнайгаз» басшылығы әр жарты жыл сайын кәсіпкерлердің қатысуымен осындай семинарлар өткізуге шешім қабылдады.