«Ембімұнайгаз» АҚ бас кеңсесі, Алик Айдарбаев: «Біз өндірістегі мамандардың жұмыс орнын сақтаймыз»

29 мамыр, 2020

«ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ Басқарма төрағасы  Алик Айдарбаев іс-сапармен «Ембімұнайгаз» АҚ-да болды. Атырау облысындағы КМГ еншілес мекемелерінің басшылары қатысқан жиналыста коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары және аймақтағы өндіріс мамандарының жұмыс орнын сақтау жәйттары талқыланды.
- КМГ алдымен өз қызметкерлерінің денсаулығы мен әлеуметтік жағдайын сақтауға  басымдық береді. Барлық кәсіпорындарда санитарлық режим күшейтіліп, жекелеген мамандар дистанциондық жұмыс тәртібіне жіберілді, вахта уақыты ұзартылды, вахта ауысымы қысқартылды.   Өзге де сақтандыру шаралары назарда ұсталыныда. Өкінішке орай, КМГ еншілес мекемелерінде пандемия белгісі тіркелінді. Алайда, барлық жағдай бүгінде жіті бақылауда, жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыс орнатылып, негізгі шаралар қолға алынған, - деп атап өтті А.Айдарбаев. 
Жиналыс барысында ҚМГ Басқарма төрағасы Атырау облысындағы еншілес мекемелердің басшыларына тапсырмалар беріп, коронавирус дертінен сақтандыру шараларын одан әрі жалғастырып, профилактикалық шараларды қатаң сақтауды атап көрсетті. Бұдан өзге, Алик Айдарбаев ұлттық компанияның табыс көрсеткішін арттыру барысындағы шығындарды азайтуды көздеген дағдарысқа қарсы жасалынған стратегиялық іс-шараларға тоқталды.  
  – Бүгінгі  жағдайға байланысты басты мақсатымыз дағдарыстың кері әсерін азайтуды назарға алу.  Біз өндірістік қызметкерлердің жұмыс орындарын неғұрлым сақтап қалу қағидасын ұстанып отырмыз. Дағдарыстың әсеріне қарсы тұруға мүмкіндік беретін қажетті ресурстар бар екенін атап өткім келеді. Бірігіп еңбек ету арқылы біз барлық қиындықтарды жеңетінімізге сенімдіміз, - деп атап өтті  ҚМГ басшысы.
    Естеріңізге сала кетейік, ҚМГ дағдарысқа қарсы стратегиясының аясында ҚМГ ҰК орталық аппараты құрылымында оңтайландыру жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ, Компания басшылығының  еңбекақылары мен бонустары қысқартылды.  Операциялық, капиталды және әкімшілік шығындар 2020 жылы 146 млрд теңгеден астам сомаға қысқартылса,  ал, алдағы бес жылдық кезеңде 730 млрд теңгеден астам сомаға азаймақшы.

 «Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс  қызметі

 Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компания» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» АҚ 2012 ж.1-қарашасынан  2019 жылы аралығында республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн     теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.