«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөнідегі басқарушы директоры Қайрат Сақтағановтың Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы брифингі

17 наурыз, 2020

Қайырлы күн құрметті журналистер!

Кеше елімізде төтенше жағдай енгізілді. Соны ескеріп және қызметкерлер мен барша Қазақстан азаматтарының алдындағы жауапкершілігімізді терең ұғынып, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша қабылдап жатқан шаралар кешені туралы хабарлауға рұқсат етіңіздер.