Атырауда бұрғылау бойынша мамандар даярлайтын оқу орталығы ашылды

05 наурыз, 2020

2020 жылғы 4-наурызда Атырауда бұрғылау технологиясы оқу орталығының ашылу салтанаты өтті. Қазақстандық бұрғылаушыларға арналған Қазақстандағы алғашқы салалық мекеме Қазақстан-Британ техникалық университеті (бұдан әрі - ҚБТУ), АҚШ-тың ең ірі сервистік компаниясы Baker Hughes және отандық бұрғылау операторы KazPetroDrilling арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында пайда болды. Ашылу салтанатына «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның ресми өкілі ретінде «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы Есен Қайыржан қатысты.

Жаңа орталық – жобаны жүзеге асыру мақсатында бұрғылау жөніндегі мамандардың бірінші топтарын дайындау үшін заманауи ғимарат KazPetroDrilling өндірістік базасының аумағында Бірлік ауылында ашылды. Ғимараттың ашылу барысында бірнеше рет атап өтілгендей, жоба үш тараптың - мұнай-газ саласында кәсіби кадрларды даярлайтын беделді оқу орны, батыс компаниясының халықаралық тәжірибесі және отандық бизнестің тәжірибесі арқасында жүзеге асты. Жобаның мақсаты - Қазақстан Республикасының мұнай-газ және энергетика салалары үшін бұрғылау саласындағы ұлттық кадрлық әлеуетті дамыту үшін негіз құру.

ҚБТУ ректоры Кенжебек ИБРАШЕВТІҢ айтуынша, IWCF (International Well Control Forum)  аккредитациясынан өткен оқу орталығы DrillSim-20 тренажерімен, DrillSim-5000 бұрғылау қондырғыларының толық тренажерларымен және бұрғылау жабдықтарының арнайы үлгілерімен жабдықталған, бұл отандық мұнай және газ саласына бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға мүмкіндік береді.

- Осы жоғары технологиялық жабдықтың негізінде халықаралық стандарттарға сәйкес үздіксіз білім беру курстарының толық пакетін ұсынуға және осы жерден халықаралық сертификат алуға мүмкіндігіміз бар. Бұл қызметтер мұнайлы-газды аймақтағы тапсырыс берушілер арқылы көрсетілетіні өте маңызды, - деді К.Ибрашев.  

Ашылған оқу орталығында оқыту 20 жылдан астам уақыттан бері Қарашығанақ, Теңіз, Ембі, Чинарев кен орындарының және т.б. жобалары бойынша Қазақстанда технологиялық қызмет көрсететін Бейкер Хьюздің білім беру бағдарламалары бойынша бұрғылау технологиясының тоғыз бағыты бойынша жүргізілетін болады. Бұл компания өкілі Мейіржан Шералиевтің айтуынша, орталықты заманауи бағдарламалармен және түрлі симуляторлармен жабдықтау халықаралық деңгейдегі мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.

- Орталық базасында «Бұрғылау», «Бұрғылау және айдау сұйықтығы», «Көлбеу бұрғылау», «Бұрғылау кезіндегі геофизикалық зерттеулер», «Цементтеу және айдау», «Бұрғылау қашаулары» және т.б. бірегей бағдарламаларын ұсынамыз. Қазіргі таңда оқу орталығында алғашқы 75 маман дайындықтан өтті. Атап айтсақ, бұл бастаманың өзектілігін дәлелдейтін  тәжірибелік  нәтижелер барына қуаныштымыз, , өйткені, Қазақстанда көлбеу бағытындағы бұрғылау артып келеді, - деп атап өтті М.Шералиев.

- Бүгінгі таңда біз білім беру мекемесі мен 2 ірі өндірістік компаниялардың бірігуімен орын алған ерекше оқиғаның куәсі болып отырмыз, - деді «КазПетроДриллинг» АҚ президенті Асхат ДҮЙСАЛИЕВ. - - Біз үшін, 5000 қызметкері бар операциялық компания ретінде, әр маман үшін компанияда жасалынған құзіреттілік матрицалары аясында біліктіліктерін тұрақты түрде жоғарылатып отыру мүмкіндігі өте маңызды. Сондықтан, оқу орталығының базасында өндірістік кадрларды дайындаумен қатар, жергілікті жерде оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізу үшін біз өз кезегімізде холдингіміздің ішкі тренерлерін де дайындаймыз.

Баспасөз конференциясы барысында Қазақстандағы көлбеу бағытындағы бұрғылау және горизонталды бұрғылаудың өсу динамикасы туралы сұрақ қойылды. А.Дүйсалиевтің айтуынша, қазіргі уақытта қазақстандық мұнай компанияларында горизонталды бұрғылау үлесі 10-13%-ды құрайды, бірақ бұл көрсеткіш үнемі өсіп келеді және жақын уақытта айтарлықтай өсуі мүмкін. 

                                                                   «Ембімұнайгаз»  АҚ Қоғаммен байланыс қызметі

БАҚ-пен байланыс үшін:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компания» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» АҚ 2012 ж.1-қарашасынан  2019 жылға дейінгі аралықта республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трл     теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.