Ембіде өндірістік кеңес құрылды

19 ақпан, 2020

14-ақпанда «Ембмұнайгаз» АҚ-да (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) жұмыс беруші мен жұмысшылар тарапынан кәсіподақ комитетінің өзара келісімімен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес құрылды. Кеңестің алғашқы отырысында  құрамы бекітіліп, ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

- Өндірістік кеңестің қызметі жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі мәселелерінің айқындылығы үшін негіз болады және еңбек жағдайлары мен өндірістік жарақаттардың алдын-алуды қоғамдық бақылау рөлін күшейтеді, - деді жиын барысында сөз алған «Ембімұнайгаз» АҚ кәсіподақ комитеті төрағасы Мәлік ОРЫНҒАЛИЕВ.

Кеңестің алғашқы отырысында құрамы бекітіліп, 148 техникалық инспекторлардың кандидатуралары бойынша одақтың ұсыныстары қаралды. ЕМГ кәсіподақ комитеті Кеңес төрағалығына ЕМГ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Қанатбек Махмудұлы Қасымғалиевтың кандидатурасын ұсынып, кеңес мүшелері бірауыздан қолдады. Келесі кеңес жиынында кеңес қызметінің жұмыс кестесі, техникалық инспекторлардың мәртебесі және ұйымдастырушылық бағыттағы басқа да мәселелер айқындалмақ.

«Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс  қызметі

 Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компания» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» АҚ 2012 ж.1-қарашасынан  2019 жылға дейінгі аралықта республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн     теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.