Татулық пен келісімді бағалаңыз

17 ақпан, 2020

«Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ немесе Компания) Бас кеңсесінде КСРО әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанының 31-жылдығына орай  салтанатты шара өтті.   Оған Компания басшылығы, Орталық аппараттың ұжымы,  өндірістік құрылымдық бөлімшелерде  еңбек етіп жатқан ауған жауынгерлері  қатысты. 

- Ауған соғысы- тарихтағы екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі ауыр да зардабы мол соғыстың бірін саналады. Бүгінгі таңда Компанияда 15 ауған жауынгері еңбек етуде. Әріптестеріміздің қаһармандықтың үлгісін таныта білген ерліктерін жоғары  бағалаймыз. Олардың соғыс зардаптары  туралы айтқан естеліктері  бейбіт өмірдің бағасын артыра түседі. Ерлік пен батылдықтың арқасында бүгінде бейбіт қоғамда өмір сүріп, еңбек етуге мүмкіндік алып отырмыз,- деп атап өтті өзінің кіріспе сөзінде ЕМГ Басқарма төрағасы Есен Қайыржан.

Бүгінде интернационалист-ембіліктер «Жайықмұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Қайнармұнайгаз», «Доссормұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармаларында және «ӨТҚжЖК», «Ембімұнайэнерго» құрылымдық бөлімшелерінде еңбек етуде.  Компанияның Ұжымдық шартына сай ембілік ауған жауынгерлері әлеуметтік пакеттермен, медициналық сақтандырумен, материалдық төлемдермен қамтылған. 

Салтанатты жиында Ауғанстан жеріндегі соғысқа Атырау облысы бойынша қатысқан жауынгерлер туралы арнайы дайындалған деректі фильм көрсетіліп, соғыс құрбандарын бір минуттық үнсіздік еске алды. Бұдан соң Ауған жауынгерлерінің естеліктері тыңдалып, шара соңы Компания мамандарының күшімен дайындалған концерттік бағдарламаға ұласты.

«Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс  қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компания» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» АҚ 2012 ж.1-қарашасынан  2019 жылға дейінгі аралықта республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн     теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.