Көшбасшылыққа – сыбайлас жемқорлықсыз!

18 қараша, 2019

«Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) бас кеңсесінде Компанияның басқару аппараты ұжымның Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша Ұлттық бюро департаменті (бұдан әрі Департамент) басшылығымен кездесуі өтті.

- Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшылығы 2050 жылы әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру мақсатын алға қойды. Бұл міндетті экономика мен қоғамдық саладағы сыбайлас жемқорлықты жоюсыз іске асыру мүмкін емес. Осыған байланысты мемлекет деңгейінде және "Нұр Отан" партиясымен бірлескен сыбайлас жемқорлыққа, оның ішінде квазимемлекеттік сектордағы жемқорлықты жою бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Қазақстан қоғамында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сананы қалыптастыру бойынша жүйелі қызмет жүргізілуде, - деп атап өтті өз сөзінде ЕМГ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан БАЛЖАНОВ.  

Шара барысында Департамент жетекшісінің орынбасары Р.Төлешов, аталған департаментінің парасаттылық басқармасының басшысы Ж.Қаражанов және «Атырау - адалдық алаңы» жобалық кеңесінің жетекшісі А.Адиева мемлекеттік және экономиканың квазимемлекеттік секторларындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының жою және алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Кездесу соңында ЕМГ қызметкерлері сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар ала білді.

 

«Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі

 Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. 2012 - 2018 жылдар аралығында республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 897 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.