«Ембімұнайгаз» АҚ-на қарасты барлық еңбек ұжымдарында «Мұнайшы қыз» әйелдер клубының ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының падишасы, Қазақстан Республикасының халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған «Қазақтың аяулысы, перизаты, Өшпейді ешқашанда Фариза аты» атты поэзия кештері өткен болатын. Шарада ақынның өмір кезеңдерін бейнелейтін бейнероликтер көрсетіліп, өлең шумақтарынан үзінділер оқылды. Театрландырылған қойылым ұйымдастырылды. Компания басшылығының қолдауымен шарада үздік деп танылған өнерпаз мұнайшылар - қызметкерлер Ф.Оңғарсынованың 80 жылдығына орай Мәскеу қаласындағы «Современник» театры сахнасында «Фариза» спектакліне жолдама алған болатын. Аталған мәдение шара Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы елшілігінің ұйымдастыруымен өтті.
Сонымен қатар, сапар кезінде ембілік мамандар Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетовтың қабылдауында болды.
«Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі
Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:
Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09;
Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.