ОҚУ ОРЫНДАРЫМЕН СЕРІКТЕСТІК

04 қараша, 2019

«Ембімұнайгаз» компаниясы өнеркәсіптік қызметімен қоса, әлеуметтік жобаларға, соның ішінде, отандық мұнай-газ саласына қазақстандық мамандарды даярлауға белсене үлес қосып келеді. Осы орайда, Компания 2015 жылдан бастап жүзеге асып келетін Далды оқыту бағдарламасы аясында бірқатар оқу орындарымен тығыз байланыс орнатып келеді.

Осы ынтымақтастық аясында жуырда Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің бір топ ұстаздары «Ембімұнайгаз» АҚ-на келіп, кәсіпорынның жұмыс барысымен танысты.

- Дуалды оқыту бағдарламасы аясында соңғы төрт жыл ішінде Атырау мұнай және газ университетінің 73 студенті оқумен қатар, ЕМГ өндірістік бөлімшелерінде тәжірибеден өтті. Олар оқу орындарын тәмамдаған соң дипломмен қоса, қолдарына еңбек кітапшаларын алды. Тестілеу сынақтарының қорытындысымен жоғары балл жинаған 31 студент Компанияға жұмысқа орналасты. Олар Компанияға қарасты Атырау облысының 4 ауданындағы мұнай-газ өндіру басқармаларында Мұнай және газ өндіру операторы, Ұңғыларды зерттеу операторы, Тауар операторы мамандықтары бойынша еңбек етуде. Қазіргі таңда аталған жоғары оқу орнының 19 студенті Дуалды оқыту бағдарламасы бойынша білім алуда, - деді универсиеттің ұстаздарымен кездесуде ЕМГ Басқарма төрағасының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Сәлімжан НАҚПАЕВ.  

Компанияға сапар барысында мұнай-газ саласына мамандар даярлайтын ұстаздар Өндірістік процесті бақылау орталығында болды.

«Ембімұнайгаз» АҚ өндірісті автоматтандыру және ақпарат технологиясы департаментінің директоры Болат НСАНБАЕВ «Интеллектуалды кен алаңы» тұжырымдамасымен таныстырып, Уаз кен алаңында енгізілген және қазіргі таңда өзге де кен орындарына таратылып жатқан концепция туралы толығырақ айтып берді. 

Сонымен қатар, қонақтар ЕМГ интерактивті мұражайында болып,  «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының өндірістік нысандарының жұмысымен танысты.  

 

«Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09;

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.