Еңбек ұжымымен есептік кездесу

23 қазан, 2019

«Ембімұнайгаз»  АҚ-ның  (бұдан былай ЕМГ мен Компания) Бас кеңсесінде ЕМГ Басқарма төрағасы А.Е.Жақсыбековтың ұжым алдындағы есеп беру кездесуі өтті. Кездесуде  «Комапнияның 2019 жылдың 9 айындағы негізгі өндірістік көрсеткіштерінің  орындалуы және алда тұрған міндеттері» туралы  есептік баяндама тыңдалды.

Есептік кездесуге Компания басшылығы, Басқару аппаратының департамент  және қызмет  жетекшілері, өндірістік-құрылымдық бөлімшелердің (ӨҚБ) басшылары мен бас инженерлері, өндірістік цех пен әлеуметтік саясат бөлімінің басшылары, ӨҚБ кәсіподақ ұйымының жетекшілері қатысты.  

-   Сіздерді Қарашүңгіл жерінен бастау алған  қазақстан мұнайының 120 жылдық мерейтойымен  тағы бір мәрте  құттықтаймын. Өздеріңіз жақсы білесіздер, күні кеше баршамыз  бұл мерекені  жоғары деңгейде атап өттік. Мерекеге орай Атырауда өткен салтанатты шараға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, мұнай-газ өнеркәсібінің үздік 41 қызметкерін марапаттады. Мемлекет басшысының қолынан үлкен марапат алғандардың қатарында ембіліктер де бар.  Бұл - барша ембілік мұнайшыларға көрсетілген үлкен құрмет деп бағалаймыз, мұнайшылардың еңбегі мемлекеттік деңгейде бағаланып жатқанына қуаныштымыз,- деп бастады өзінің есептік баяндамасын ЕМГ Басқарма төрағасы А.Жақсыбеков.  

Басқарма төрағасы А.Жақсыбеков баяндамада  аталған мерзім ішіндегі Компанияның еңбекті қорғау, экологиялық міндеттемелерді орындау, өндірістік көрсеткіштердің нәтижелері мен өндіріске жаңа технологияны енгізу барысындағы жұмыстарды атап өтті

2019 жылдың 9 айында  ЕМГ  2 млн. 164 мың 503 тонна өнім өндіріп, жоспар 4 мың 615 тоннаға артық орындалса, мұнай тапсыру жоспары да межеден жоғары.  Өнім тапсыру көрсеткішін Компания 6 мың  821  тоннаға артығымен орындады.

Ағымдағы жылдың алғашқы 9 айында 7 өнім өндіру ұңғымасы пайдалануға беріліп (жоспар бойынша 5 ұңғыма), одан қосымша 16 мың 593 тонна мұнай алынды.

Есептік мерзім ішіндегі Ембі өндірісінде қолға алынған геологиялық барлау жұмыстары, Уаз кен алаңындағы («Қайнармұнайгаз») «Интеллектуалды кен алаңы» тұжырымдамасының  өзге кеніштерге (Жайықмұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ-на қарасты кеніштерде) таратылуы, өндірісті транспортпен қамту, автотранспорт паркінің жаңартылуы,   Забурын кен алаңындағы («Жайықмұнайгаз») полимерлік сулану жүйесінің Шығыс Молдабек («Қайнармұнайгаз») кенішінде жалғасуы,   өндіріс алаңдарындағы әлеуметтік инфрақұрылымдық нысандардың жаңғыртылуы, мамандардың біліктілігін арттыру мақсатындағы шаралар, мұнайшылардың жұмыстан кейінгі уақыттарын тиімді ұйымдастыру жәйлары кеңінен айтылды.     

Компания басшысы өзінің есептік мерзім ішіндегі атқарылған жұмыстар туралы баяндамасында Ембі тарихында алғаш рет қолға алынып жатқан жақсы жаңалық - Шығыс Уаз кенішіндегі №111 көлденең қазылған  ұңғыманың  пайдалануға берілетінін айтты.  Осы уақытқа дейін қолданылып жүрген  тік ұңғымадан көлденең ұңғыманың өнімділігі 8 есеге артық болады. 

2015-2018 жылдар аралығында Компанияның пилоттық жобасы - «Дуалдық оқыту» бағдарламасы бойынша  оқу мен тәжірибені ұштастырған  117  студенттің арасынан тесттік сынақтан жоғары балл жинаған  42 студент Компанияға жұмысқа қабылданды. Бүгінде 41 студент аталмыш бағдарлама бойынша оқуларын жалғастыруда.  

ЕМГ Басқарма төрағасы А.Жақсыбеков өзінің баяндамасында  Татарстанның Альментьевск қаласындағы «ҚазМұнайГаз» ҰК компаниялары тобы арасында өткен «Үздік маман» кәсіби шеберлік байқауының ІІІ кезеңіне қатысып, 18 номинация ішінен 5 аталым бойынша жүлдегер атанған ембілік жеңімпаздарды қол жеткізген табыстарымен құттықтады.

Еңбек ұжымымен болған кездесуде орын алған кемшіліктер да аталып, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді. Алдағы уақыттың жоспарлары  пысықталып, залдан  қойылған сұрақтарға  жауаптар берілді.

 

Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09;

 Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.