Ембілік ардагерлерге құрмет көрсетілді

16 қазан, 2019

«Ембімұнайгаз» АҚ ( бұдан былай ЕМГ немесе Компания) Бас кеңсесінде «Nur Otan» партиясының ЕМГ бастауыш ұйымының (БПҰ) ұйымдастыруымен «Ашық есік күн» шарасы өтті. Оған Ембі өндірісінде ұзақ жылдар еңбек еткен бір топ ардагер мұнайшылар, Компанияның жауапты мамандары  қатысты.

ЕМГ БПҰ ұйымдастыруымен осымен үшінші рет өтіп отырған «Ашық есік күн» шарасына Ембі өндірісінің қалыптасып, дамуына өзіндік үлестерін қосқан, әр түрлі департамент - бөлімдерде еңбек еткен ардагерлер шақырылды. Осы жолғы шараға  20-ға тарта ардагер қатысты. Оларды ЕМГ Басқарма төрағасы Әнуар ЖАҚСЫБЕКОВ қабылдады.

  • Жұмысшыларын толықтай әлеуметтік жеңілдіктермен қамтамасыз етіп отырған отандық мұнай өндіруші компания Ембі өндірісінің ұзақ жылдар әр салада дамуына үлестерін қосқан ардагерлерін де үнемі қамқорлыққа алып, оларды ұдайы құрметтеп отырады. Компания бойынша бүгінгі таңдағы 2 174 ардагер жылына бес  рет мемлекеттік мерекелерде сыйақылармен, жылына бір рет емдеу-сауықтыру орындарына  арналған жолдаманың және жылдық баспасөзге жазылу қаражатымен, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері Жеңіс   күніне  орай ақшалай төлемдермен қамтылып отыр. Сонымен қатар, ардагерлер ауырып қалған жағдайда олардың дәрі-дәрмектері, дереу ем алулары Компания есебінен қарастырылады. Бұл - компанияның өз ардагерлеріне көрсеткен құрметі, мұндай қамқорлық алдағы күндерде де жалғаса береді-деп атап өтті өз сөзінде ЕМГ Басқарма төрағасы,  «Nur Otan» БПҰ төрағасы Әнуар ЖАҚСЫБЕКОВ.

«Ашық есік күн» шарасында ардагерлердің Компанияның бүгінгі жаңалықтарымен жете танысуларына назар аударылды. Орталық кеңседе орналасқан  Өндірісті жедел басқару орталығы мен Интерактивті мұражайда болып, тың жобалармен, өзгерістермен  жан-жақты танысты.  Компанияның жауапты мамандары ардагерлерді өндіріс, әлеуметтік салалар бойынша   соңғы мәліметтермен хабардар етті.

Кездесу барысындағы сұхбаттасу   ардагерлер құрметіне арналған дастархан басында жалғасты. 

 

«Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі

 Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09;

 Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.