Қауіпсіздікке серпіліс

21 қазан, 2019

«Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан былай ЕМГ немесе Компания) Бас кеңсесінде «ҚазМұнайгаз» ҰК» АҚ (КМГ ҰК) өкілдерінің қатысуымен  еңбекті және қоршаған ортаны қорғау,  техникалық қауіпсіздік сауалдарына  арналған көшпелі кеңес өтті. Оған КМГ ҰК еншілес, тәуелді кәсіпорындардың басшылары мен жауапты мамандары, ЕМГ  басқармалардың басшылары, бас инженерлер мен цех басшылары, мердігер мекемелердің өкілдері  қатысты.     

- Соңғы жылдары біз компанияның өндірістік көрсеткіштерге бағытталған жұмыстарын ұйымдастырудан бастап адам өмірі мен  қоршаған ортаға ұқыпты қарау құндылықтары айқындалған  үлкен жолдан өттік. Компанияда техникалық қауіпсіздік пен қауіпсіз еңбек мәдениет қалыптастыру мен қоршаған ортаны қорғау бойынша жаңа бастамалар енгізілуде.  Осыған байланысты бүгінгі кеңес еңбек   тиімділігін арттыру бағытында үлкен маңызға ие. КМГ ҰК басшылығының осындай   шараны  Ембі аумағында өткізгені үшін алғыс айтамын,-  деп атап өтті  ЕМГ Басқарма төрағасы Ануар ЖАҚСЫБЕКОВ көшпелі мәжілістегі кіріспе сөзінде.   

- Алдымызға техникалық қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бойынша  әлемдегі ірі компаниялардың қатарына ену бойынша  үлкен мақсат қоя отырып,  біз үлкен табыстарға қол жеткіздік. Соңғы 5 жылда өндірістегі өлім оқиғасы 80 пайызға, денсаулыққа байланысты өлім саны   46 пайызға, жазатайым оқиға 50 пайызға,  жол апаты 37 пайызға азайған. Қоршаған ортаны қорғау бойынша жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп отырмыз.  Енді біз жұмыскерлер мен басшылық тарапынан қауіпсіздік мәдениеті қолдау тапқан жағдайда, серпіліске ұмтылу мақсатында жылжи отырып тактиканы өзгерту мәселелерін көтеруді алға қойып отырмыз, -деді   КМГ ҰК еңбекті  және  қоршаған ортаны қорғау бойынша басқарушы директоры В.Спинелли.   

Жиын барысында дағдарыстық жағдайларды басқару жүйесін дамыту, өндірісте тіркелген жарақат алу оқиғаларын азайтуға талдау жасалып,  КМГ ҰК бастамасымен өндіріс қауіпсіздік мәдениетін дамыту мақсатында 2019-2021 жылдарда қолға алынатын жол картасы аясындағы «Қорғау» картасы жан-жақты түсіндірілді.

 

«Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09;

 Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.