Ембіліктер партия бағдарламасын талқылады

26 қыркүйек, 2019

«Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) бас кеңсесінде «Nur Otan» партиясының бастауыш партия ұйымының кезекті жиыны өтті. Оған Компания басшылығы, барлық партия мүшелері қатысты.

Жиын барысында ембіліктер «Сенім. Диалог. Бо­ла­шақ­қа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 сер­піні» ат­ты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасын талқылады. Сонымен қатар, бастауыш ұйымының 2019 жылдың жарты жылдығында  атқарған жұмыстарының есебі тыңдалып, 2020 жылға жұмыс жоспарының бағыты қаралды.   

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы, «Nur Otan» бастауыш  партия ұйымының жетекшісі Әнуар ЖАҚСЫБЕКОВ баяндама жасады.

Бұдан кейін сөз алған нұротандықтар «Жас Отан» жастар қанатының жұмыстарын жандандыру, жас мамандардың белсенділігін арттыру бойынша өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Бастауыш партия ұйымы бюро мүшелеріне 2020 жылдың жұмыс жоспарын жасақтау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

 

 «Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі   

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады.  2012 - 2018 жылдар аралығында республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 897 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды.  «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде