Мұнайлы Ембіде «Нұр Отан» партиясы бастауыш партия ұйымының жаңа төрағасы сайланды

02 тамыз, 2019

«Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі - ЕМГ немесе Компания) бас кеңсесінде «Нұр Отан» партиясы бастауыш партия ұйымының есеп беру және қайта сайлау жиналысы өтті. Шарада 2018-2019 жылдары аралығында атқарылған  жұмыстардың есебі тыңдалып, ұйымның жаңа төрағасы сайланды.

Жиналысқа бастауыш партия ұйымының мүшелері, Компанияға қарасты алты өндірістік басқарманың бастауыш партия ұйымының жетекшілері мен ЕМГ жауапты мамандары қатысты.

⁃ Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әр жылдардағы дәстүрлі  Жолдауларында халықты толғандырған басты мәселелерге жете мән берілді.  Соның бірі- еліміздегі әрбір отбасының баспаналы болуы, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға мейлінше көңіл бөлу. Мұның бәрі – ең алдымен, халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында қолға алынып жатқан бастамалар. ЕМГ өзінің негізгі жұмыстарымен қатар осы басым бағыттарды басшылыққа алып келеді. Компания әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көп балалы отбасылар мен тәрбиесінде мүмкіншілігі шектеулі балалары бар жанұяларға қолдау көрсетуді тұрақты назарда ұстап отыр, - деп атап өтті өзінің есепті баяндамасында А.Габдуллин.

Есепті баяндамадан кейінгі жарыссөз кезегінде бастауыш партия ұйымының атқарған жұмыстарына талдау жасап, көпшіліктің бағасы берілді.

Есеп беру және қайта сайлау жиналысында ЕМГ бастауыш партия ұйымының жаңа төрағасы болып ЕМГ Басқарма төрағасы Әнуар Еркінұлы ЖАҚСЫБЕКОВ сайланды. Сонымен қатар, сонымен қатар 7 адамнан тұратын ұйымның бюро мүшелері бекітілді.

«Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. 2012 - 2018 жылдар аралығында республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 897 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.