Тиімді коммуникация-табысты белес!

04 шілде, 2019

«Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс қызметінің ұйымдастыруымен ««Ішкі коммуникация - тиімді байланыс» форумы өтті. Екі күндік шараға Компанияға жаңадан қабылданған қызметкерлер мен ұжымда біраз жылдардан бері еңбек етіп келе жатқан мамандар қатысты.  Форумға қатысқан жалпы саны 23 қызметкердің 11-і Компанияның жаңа  қызметкерлері болса, 12-і ұжымда біраз жылдар қызмет еткен, тәжірибелі мамандар.

- Әр компаниядағы табысты еңбек ішкі коммуникациямен тығыз байланысты. Бұл - компанияның саясатын құруға және командалық рухты нығайтуға жол ашатын тиімді жолдың бірі, - деді ембілік мұнайшылармен әңгімесінде елордалық спикер  Бағлан Қалдарбеков. 

  Ұжымішілік байланысты қалыптастыру,  дамытуды мақсат еткен диалог алаңында    шағын дәріс, жаттығулар, топтық пікірталас, рефлексия және т.б. көптеген қызықты форматтар көрініс тапты.   Шара барысында еңбек ұжымы арасында «кері байланыс» жүйесі орнағанда өзара түсініспеншілікке құрылған диалогтың көрініс табатыны, ал, ынтымағы жарасқан ұжымда еңбек табысты болатыны  жан-жақты баяндалды.

Форум соңында қатысушылар арнайы сертификатпен марапатталды.

                                                                                    «Ембімұнайгаз» АҚ Баспасөз қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады.  2012 - 2018 жылдар аралығында республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 897 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды.  «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.