Жастар бірлігі – ел қуаты

28 маусым, 2019

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы аясында 2019 жыл «Жастар жылы» болып жариялауына байланысты және Қазақстан мұнайының 120 жылдығына орай «Бесікті» демалыс базасында ембілік жас мамандар эстафетасы ұйымдастырылды. 

Компанияның әлеуметтік саясат және инфрақұрылымдық нысандарды басқару жөніндегі департаменті мен Жас мамандар кеңесінің ұйымдастыруымен өткен шараға «Ембімұнайгаз» АҚ Басқару аппараты мен өндірістік құрылымдық бөлімшелерінен 80-ге жуық жас маман қатысты. 

«Team building» форматында өткен шараны әлеуметтік саясат және инфрақұрылымдық нысандарды басқару жөніндегі департаменті директорының орынбасары Бекет ГУБАЙДУЛЛИН ашып, шараның маңыздылығына тоқталды. 

- Компанияда жастарға үлкен мүмкіндіктер қарастырылған. «Бірлігі мықты жастар болашаққа жол бастар» демекші, әр өндірістік басқармада қызмет ететін жастардың бір-бірімен танысып, араласуы, пікір алысып, тәжірибе алмасуы үшін осы шараны ұйымдастыруды қолға алдық, - деп атап өтті Б.Губайдуллин. 

Жастар эстафетасында әр өндірістік басқармадан жиналған жас мамандар төрт командаға бөлініп, түрлі ойын тапсырмаларын орындады. Ой ұшқырлығын дамытып, ұйымшылдықен, ұжыммен жұмыс жасауды үйренді. Сайыс ережесіне сәйкес кедергілерден өтіп, бақтарын сынады.

Қызу да тартысты жарыстар нәтижесінде «Морковки» командасаның мүшелері ынталандыру диплопмдарымен марапатталды. ІІІ орынды «Қызыл бархат» командасы еншілесе, ІІ орын «Альфа» командасына бұйырды. Ал, жеңіске жеткен – «Жасыл ел» командасы. Барлық жүлдегерлерге диплом, медальдар табысталды. 

«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар: Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ– «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара

(ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» АҚ қызметін ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.