Ардагерлерге құрмет

06 мамыр, 2019

«Ембімұнайгаз» АҚ-да (бұдан былай ЕМГ немесе Компания) әрбір  жауынгер-мұнайшы мен арамызда жүрген ардагерлер, тыл еңбеккерлері мен интернационалист –жауынгерлер  туралы естелікті ізгілікпен құрметтейді. Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Ембі басшылары Отан алдындағы жауынгерлік парыздарын адал орындаған және Компаниядағы ұзақ жылғы еңбектен соң құрметті демалысқа шыққан Ұлы Отан Соғысының (ҰОС) ардагерлерін құттықтады.  

ҰОС ардагері Николай Славов биыл 98 жасқа толды. Николай соғысқа   20 жастағы жасөспірім жігіт шағында қызыл әскерлер аэродром салып жатқан Батыс Украина жерінде кірді.  Ауыр жарақаттан соң, Славов Астрахань, Сталинград аэродромдарын қорғауға, ал, электрик курсын бітірген соң Каспий маңындағы қала Гурьевтегі мұнай өңдеу зауытының құрылысына араласады. Николай Николаевич ЕМГ өндірістік-құрылымдық бөлімшесі- «Ембімұнайэнрего» басқармасынан Құрметті еңбек демалысына шығады. 

- Сіздердің ерліктеріңіз бен қаһармандылықтарыңыздың арқасында бүгін біз туған жерімізде  өмір сүріп, еңбек етуге, ұрпақ тәрбиелеп, болашаққа бағыт жасауға мүмкіндік алып отырмыз. Компания ұжымы атынан сіздерге Жеңіс үшін шексіз алғыс айтамын. Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ өмір тілеймін,- деп атап өтті Басқарма төрағасы Әнуар ЖАҚСЫБЕКОВ  өзінің құттықтауында.   

Н.Славов  жұбайы Людмила  Петровна екеуі әркез қолдау білдіріп, әлеуметтік қамқорлыққа алған ЕМГ басшылығына алғыстарын білдірді. ҰОС ардагері жастарға тілегін арнады- ешкім ешқашанда соғыс қасіретін тартпасын! 

Айтулы мереке қарсаңында Компания басшылығы соғыс ардагерлері- Тайыр Гумаров, Тұраш Көптілеуов, Құрманбай Досымбетұлы мен Күлән Сабралиевалардың шаңырағында болып, мейраммен құттықтады. Ардагерлердің әрқайсысына  жеміс-жидек пен тәттілер салынған себет пен 200 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық тарту етілді. 

«Ембімұнайгаз» АҚ Баспасөз қызметі 

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады.  2012 жылдың 1 қазаны мен 2018 жылдар аралығында республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 897 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды.  «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.