Ембілік геологтар: Өзеннен Тайсойғанға дейін

08 сәуір, 2019

«Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) ұжымы Геолог күнін атап өтті. 4 сәуір күні кәсіби мерекеге орай ұйымдастырылған салтанатты шараға Компанияның Басқарма төрағасы Ә.Е.Жақсыбеков, орынбасарлары, ардагер геологтар мен ЕМГ геология саласының қызметкерлері қатысты.  

- Еліміздегі геологиялық-барлау жұмыстары туралы айтқанда, ембілік геологтардың Өзен, Теңіз сынды көмірсутегі шикізаты кен орындарын ашу ісінің қайнар бастауында болғанын айтып өткен жөн. Біздің ардагер-геологтарымыз Ботақан, Шығыс Мақат, Оңтүстік-Шығыс Қамысты, Досмұхамбетов, Ақінген, Аққұдық, Ақтөбе, Оңтүстік-Шығыс Новобогат, Уаз, т.б. басқа көптеген кен орындарын ашқанын білеміз. Сол ардақты геологтардың бүгінгі ұрпағы геология саласының әлеуетін арттыру жұмысын жалғастырып келеді, - деп атап өткен ЕМГ Басқарма төрағасы Әнуар ЖАҚСЫБЕКОВ геологтарды төл мерекемен құттықтап, ембілік геологтардың атқарып жатқан  жұмыстарына тоқталды. 

Айта кетсек, кезінде әскери полигон болып, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін жабылып қалған Ембі-5 учаскесінде қазіргі таңда алғаш рет барлау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Қазақстанда тұңғыш рет аумағы 5600 кв шақырымды құрайтын Тайсойған алаңында 3Д МОГТ кең көлемді сейсмобарлау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Сонымен қатар мереке қарсаңында бір топ сала қызметкерлері ұлығыланып, Басқарма төрағасының қолынан марапаттарға ие болды. KAZENERGY қауымдастығының грамотасымен «Жайықмұнайгаз» МГӨБ №3 мұнай және газ өндіру цехының геологы Нұргүл ШАҚМАНОВА мен «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ №4 мұнай және газ өндіру цехының геологы Дәршін ӘБУОВА марапатталды. ЕМГ геологиялық барлау жұмыстары департаментінің директоры Ернұр ТАСЕМЕНОВКЕ,  бұрғылау және ұңғымаларды күрделі жөндеу департаментінің аға инженері Әділхан АМАНҒАЛИЕВҚА, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ №2 «Терең-өзек» мұнай және газ өндіру цехының 1 категориялы геологы Гүлшат ТҮЛКІБАЕВАҒА, «Жайықмұнайгаз» МГӨБ №2 мұнай және газ өндіру цехының геологы Тұрсынай САҒЫНҒАЛИЕВАҒА, «Доссормұнайгаз» МГӨБ геология және кен орындарын игеру бөлімінің бастығы Жасұлан ТУХФАТОВҚА және «Қайнармұнайгаз» МГӨБ зерттеу жұмыстары цехының геологы Мұрат МӘЖЕНОВКЕ «Ембімұнайгаз» АҚ Құрмет грамотасы табыс етілді. Ал, геология және кен орындарын игеру департаменті жобалау және зерттеу жұмыстары бөлімінің 1 категориялы геологы  Жайнагүл МАМБЕТОВА, маркшейдер қызметінің маркшейдері Орынбасар ТАСМАҒАМБЕТОВ, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ Прорва кен орындарын игеру тобы өндірістік басқармасының геологы Қарашаш ӨМІРЗАҚОВА, «Жайықмұнайгаз» МГӨБ геология және кен орындарын игеру жөніндегі бөлім бастығының орынбасары Нұрсұлу ОСПАНОВА, «Доссормұнайгаз» МГӨБ зерттеу жұмыстарын жүргізу цехының ұңғыларды зерттеу шебері Рая ТАБНАЕВА, «Қайнармұнайгаз» МГӨБ геология және мұнай-газ кен орындарын игеру бөлімінің 2 санатты инженері Талғат ТУРСИЕВ Компанияның Алғыс хатын иеленді.  

«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады.  2012 жылдың 1 қазанынан 2018 жыл аралығында республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 897 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды.  «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.